Жұма, 08 Мамыр 2020 15:16

«Асар» еріктілер ұйымы: Біз Мақтааралдықтармен біргеміз!

Мақтаарал ауданында орын алған оқиға кім-кімге болса да оңайға түскен жоқ. Әрбіріміз үшін қиынға соқтырғаны анық. Осы тұрғыда, зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созу мақсатында Түркістандық ерікті жастар жұдырықтай жұмылып, қолдан келгенше көмек беруде.

Қайырымдылықпен ұдайы айналысуды мақсат еткен Түркістан қаласының "Асар" волонтерлік ұйымы бойын қорқыныш билеген Мақтарал тұрғындарын сабырға шақыруда. Олар әлеуметтік желілер арқылы қаржы жинақтап, оған киім-кешектер мен гигиеналық заттар, сондай-ақ Covid-19 індетінің алдын алу мақсатында антисептикалық құралдар мен медициналық бетперделер алып, тұрғындарға үлестірді. "Көп түкірсе - көл" демекші, жастардың бір тобы колледждер мен мектептердің спорт залдарына жайғасқан халыққа азық-түлік, ыстық тамақтармен көмек көрсетсе, енді бірі көрпе-төсектер, қажетті киім-кешектерді, келесі бірі гигиеналық заттармен қамтамасыз етуге ат салысып, көңілін аулауға тырысуда.

""Қол ұшын созсам" деген ниеттің және бір ауыз жылы сөздің өзі Мақтааралдық ағайынның көңіліне демеу болғандай! Осындай қиын сәтте көмек қолын созған жастардың қатары көп болғанымен мақтанамыз.Игілік жолында атқарған волонтерлердің игі істеріне бас иеміз! Біз Мақтааралдықтармен біргеміз!",-дейді еріктілер.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 580 рет