Бейсенбі, 12 Қараша 2020 05:48

Түркістан: Қоғамдық орындарда #Ашық wifi жүйесі жанданған

Түркістан қаласындағы қоғамдық орындарда #Ашық wifi жүйесі жанданған. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Түркістан қаласы тұрғындарына қоғамдық орындарда да ыңғайлы және жайлы жағдай жасау мақсатында Түркістан қаласы әкімдігінің Цифрландыру бөлімі тарапынан #АшықWiFi жобасы қыркүйек айында іске асқан болатын.  

Алдымен, туристер бірінші аяқ басар «Түркістан» теміржол вокзалында, Қ. А. Ясауи кесенесі және «Қабылдау орталығы» аумағына қойылып, интернет желісі тегін таратылуда.

Мұндағы #АшықWiFi желісіне кіру СМС-код арқылы жүргізіледі және смс ақысы абоненттен алынбайды. Қыркүйек айынан бастап қазіргі күнге дейін #АшықWiFi желісіне 3000-ға тарта азамат кіріп, қызметіне жүгінген. Нақты айтсақ, Қабылдау орталығынан – 910, вокзал аумағынан – 623 және кесене аумағынан – 1261, жалпы алғанда 2794 адам пайдаланған.

Одан өзге, облыстық басқарма тарапынан да «Жеңіс», «Парасат», «Жібек жолы» саябақтары мен кіші арбаттарда да #АшықWiFi желісі қолданысқа қойылған. 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 539 рет