Сенбі, 05 Желтоқсан 2020 19:48

Түркістан: Келер жылы екі резервуар пайдалануға беріледі деп жоспарлануда

Бүгін Рашид Абатұлы Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназиясында алдын-ала кезек бойынша жазылған 15 шақты азаматты жеке қабылдады.

Байтасов көшесіндегі жол мәселесін айта келген анаға кәріз жүйесі аяқталғаннан кейін жарықтандыру жүйесі мен асфальт салу қажеттігін "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы" Нұрлан Бектұрсыновқа тапсырды. Сонымен қатар, "Шавгар" мөлтек ауданында біршама жылдан бері су жүйесінің жүргізілмеуі бойынша, қазірде аталған аумақта сметалық жоба жасалғанын және келер жылы наурыз айында жұмысы басталатынын айтып өтті.

"Түркістан қаласына су Кентау қаласынан келеді. Егер, ондағы құбыр техникалық мәселелелермен жарылар болса, оны реттеп, іске қосу үшін 4-5 күн уақыт алады. Осындай мәселенің алдын алу мақсатында қалада екі резервуардың құрылысы жүріп жатыр. Бұйырса, келер жылы аяқталса, мұндай қолайсыздықтар туындамайды деген үмітіміз бар", - деген Рашид Абатұлы одан өзге "Ашық бюджет" бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысынан да тұрғындарды хабардар етті.

Айта кетейік, қала әкімінің жеке қабылдауына жазылар болсаңыз, Түркістан қаласы әкімдігінің Халықтық кеңсесіне немесе 87020325732 диспетчерлік нөмірге жазуға болады. Сауалдарыңыз болса, @turkistan109 парақшасына немесе 109 нөміріне жазып қалдыра аласыздар.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

 

Оқылды 994 рет