Сенбі, 05 Желтоқсан 2020 20:12

Түркістан: 109-бірыңғай байланыс орталығы үздіксіз жұмыс жасауда

Бүгін қала әкімі Рашид Аюповтың тұрғындарды жеке қабылдауы Н. Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясында жалғасын тапты. Алдын-ала кезекке жазылған 10-ға жуық азамат жер, су, кәріз жүйесі сынды мәселелерін айта келген. 

Базар аумағы мен "Шавгар" мөлтек ауданындағы газ құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстары қашан аяқталатынын сұрай келген тұрғынға 15 желтоқсанда аяқталуы жоспарланғанын "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің" басшысы Нұрлан Бектұрсынов айтып өтті. 

Сонымен қатар, базар аумағында лоторея дүңгіршегі бар саудагердің өтінішіне шаһар басшысы бұл жұмысқа өзінің қарсы екенін, ал дүңгіршектің аяқжол бетте салынуына орай, базар орталығы ішінен келісім-шарт арқылы жұмысын жалғастыру қажеттігін айтты.

"Шавгар" мөлтек ауданындағы Аяз би көшесінің тұрғыны "Оңтүстік жарық транзит" мекемесі орнатқан жарықшамдардың жол жиегіне жақын орналасқанына байланысты шара көруді сұрады. Сондай-ақ, сауалдарды кеңінен жолдау мақсатындағы кері байланыс бойынша қала тұрғынына жеке қабылдау кезінде 109 - Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, үздіксіз қызмет ететіндігіне көз жеткізді. Орталық мәселені назарға алып, жуық арада шешімі көрілетінін мәлім етті.

Айта кетейік, қала әкімінің жеке қабылдауына жазылар болсаңыз, Түркістан қаласы әкімдігінің Халықтық кеңсесіне немесе 87020325732 диспетчерлік нөмірге жазуға болады. Сауалдарыңыз болса, @turkistan109 парақшасына немесе 109 нөміріне жазып қалдыра аласыздар.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 1073 рет