Сенбі, 05 Желтоқсан 2020 17:19

Кентау қаласында тазалық жұмыстары басты назарда

Кентау қаласында тазалық жұмыстары басты орында. Моноқала осылайша еліміздегі ең ажарлы қалалар қатарында. Жауапты жұмысты «Тазалық Кентау» ЖШС-і мен «Интеко Групп» ЖШС-і жүргізеді.

Кентау қаласында санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Көшелер күнде сыпырылып , арнайы қоқыс алаңшалары дер кезінде тазаланып тұрады. Таң қылаң бере жұмысқа кірісетін «Интеко Групп» ЖШС-нің еншісінде 54 көше кіреді. Олар топқа бөлініп қала көшелерін қоқыстан тазартып, тұрғындарға жайлы жағдай сыйлайды.

2020 жылы қоқыс қалдықтарын шығаруға ыңғайлы 65 қоқыс алаңшасы мен, 296 заманауи қоқыс контейнерлері қойылған. Жылдың соңына дейін 7 қоқыс алаңшасы мен 40 жаңа контейнерлермен толығу жоспарлануда.

Серіктестік қызметкерлері  жауапты жұмысты әліде жандандырамыз –деп отыр. Осы мақсатта  көп қабатты үйлер тағыда  жаңа қоқыс алаңшалармен толығатын болады. Ал, «Тазалық Кентау» ЖШС-і контейнерлерді қоқыстан тазартып, дезинфекция жұмыстарын жүргізуді мойнына алып отыр.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 507 рет