Сенбі, 05 Желтоқсан 2020 22:25

Түркістан: Мемлекеттік бағдарламалардың насихаты күшейеді

Бүгін Түркістан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы өңіріміздегі кәсіподақтар активінің мүшелерімен кездесті.

Отырыс барысында өңір азаматтарының еңбек құқықтары мен әлеуметтік қорғалу жайы талқыланды. Кемшін түскен тұстар анықталып, оларды шешу жолдары айқындалды.

Биыл облыс мекемелері мен кәсіпорындарында жалақыны заңмен белгіленген мерзімнен кешіктіріп төлеген 6 жағдай анықталды. Осыған байланысты жұмыс берушілерге нұсқамалар беріліп, 553 695 теңге көлемінде  әкімшілік айыппұл салынды.  Бүгінгі таңда 2019 жылдан қордаланған және өтпелі жалақы қарызы бар 2 кәсіпорында 21 жұмыскер алдында 41,5 млн. теңге жалақы қарызы қалып отыр.Жиынға қатысқан Нұротандықтар  пандемия кезінде жаппай жұмыссыздықты болдырмауға күш салуды міндетіне алды. , жұмысшылардың құқықтары мен еңбек шарттарының бұзылмауын қадағалау, қоғамдық жұмыспен қамтуға бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына мониторинг жүргізу  қажеттігіне тоқталды.

 «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылдың 1 қарашасына 67 мың адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады. «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 475 жобаны іске асыруға 105 млрд. теңге қаралған. 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 1098 рет