Сенбі, 05 Желтоқсан 2020 22:29

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы Шардарада қарқынды

Шардарада «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қарқынды жүзеге асып келеді.

Қазіргі таңда аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығы 100-ден аста қызмет түрін көрсетеді. Электронды партал қызметін тұрғындар үйінде отырып –ақ ала алады. Мұндағы 50 шақты маман әр аптаның сәрсенбісі біліктілік арттыру сабақтарынан өтеді.

Шардара аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы төтенше жағдайдан кейін карантиндік режимді сақтай отыра жұмысын жалғастыруда. Орталыққа кірмес бұрын мұндағы қызметкерлер мен тұрғындардың дене қызуы жіті бақылауға алынады. Мамандар арақашықтықты сақтай отыра қызмет көрсетеді.

Орталықта бүгінде жеке басқа кілт ашу,жер құжаттарын рәсімдеу, кезекке қою жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бөлім қызметін жиі қолданатын аудан тұрғыны Жасұлан Байтұрсынов бұл жолы баспанасын өз атына өткізуге келген. Мамандардың кәсібилігі шаруамды жылдам тындырдыруға сеп болды, дейді ол.

Мекемеде қызметкерлерін аптасына бір реттік оқыту жүйесі енгізілген. Бұл жаңадан қосылған бағдарламалармен жұмыс істеу үшін біліктілік шыңдауға себеп болмақ.  Сонымен қатар, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы мамандар  жұмысын жеңілдеткен. Бұл қызмет алушының да уақытын айтарлықтай үнемейді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 1109 рет