Сенбі, 05 Желтоқсан 2020 22:40

Түркістан: Өрт қауіпсіздігі шаралары түсіндірілді

Түркістан облысында жыл сайын Төтенше жағдайлар департаменті әртүрлі тіршілік жағдайларында адамдардың қаза болуын азайту бойынша шаралар өткізеді. 

 Түркістан облысында өрт жағдайы бүгінгі таңда былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға өскен. 

 

Түркістан қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындарына улы газ бен өрт қауіпсіздігін сақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шараға еріктілер мен номері 1-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысты. Олар әр секторға бөлініп тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарын жүргізді.

Арнайы топ өкілдері  әрбір пәтер иесіне газ құрылғыларын пайдалану ережелері, иісті газбен уланудан сақтану жолдары жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, әрбір тұрғынға өрттен сақтану, иісті газдан уланудың  алдын алу, алғашқы көмек көрсету түсіндірмесі  жазылған жадынама таратты.

Жылыту маусымы басталғалы Түркістан қаласының аумағында газдан улану оқиғасы тіркелмеген. Төтеншеліктер  қарапайым сақтық шашаралын қатаң сақтау қажеттігін айтты. Көне шахарда күнделікті түсіндірме жұмыстары жалғаса бермек.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 1107 рет