Сенбі, 20 Ақпан 2021 20:45

Түркістанда жер алу кезегіне 26 353 адам тіркелген

Әлеуметтік желілерде тұрғындар арасында қалада жер беріліп жатқандығы бойынша ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жөнінде «Жер қатынастары бөлімінің» бас маманы Алмасхан Назаров тікелей эфирде мәлім етті.

Яғни, бос жерлерде инфрақұрылым жүйесі толығымен іске аспай, бөлім тарапынан жер телімдерін беру жұмыстары жүргізілмейді. Бұл алдағы уақытта аумақтағы тұрғындарға қолайсыздық тудырмаудың бірден бір жолы болмақ.

Жалпы, шаһарда жер алу кезегіне тіркелгендер саны – 26 353 құраған.

Тікелей эфир барысында жер кезегіне тіркелу тәртібі түсіндіріліп, тұрғындардың бірқатар сұрақтарына жауап берілді.

Жер кезегіне өтініш беру тәртібі төмендегідей:

Кез келген ҚР-ның кәмелет жасына толған азаматы өз атына жер ала алады. Ол үшін ХҚО орталығынан азаматтың атында ешқандай жер жоқтығы жөніндегі анықтама қағазы мен жеке куәлік көшірмесі қажет. Сосын аталған құжаттарды алып Түркістан қаласындағы «Халықтық Кеңсе» қызметіне келіп, қала әкімі атына өтініш жазуы керек. Жалпы, бөлім тарапынан биылғы жылға жер беру жоспарланбаған.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 255 рет