Сенбі, 20 Ақпан 2021 21:39

Түркістанда гидтерге арналған семинар-тренинг өтуде

Түркістан облысының туризм басқармасының «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы 11-23 ақпан аралығында әлеуетті гид-экскурсоводтарға семинар-тренинг өткізуде.

Оқудың мақсаты облыстың туристік объектілерімен танысудың кәсібилік сапасын арттыру және біздің өңірге келетін қонақтар және туристермен жұмыс істейтін гид-экскурсоводтардың біліктілігін арттыру мен дайындау болып табылады. Аймақтың тарихын, тіл тарихын, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін білетін кәсіби гид-экскурсовод бұл облысқа келуші қонақтарға алғашқы әсер қалдыратын тұлғалардың бірі.

Өз кезегінде, семинарға қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген 50 жоғары курс студенттерін оқыту және оларды болашақта кәсіби гид-экскурсовод ретінде жылжыту, гидтерді республикалық бірыңғай тізімге тіркеу жоспарлануда.

Тәлім алып жатқан қатысушы гид-экскурсоводтар білімін жетілдіру үшін туризм саласына еңбек сіңірген, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қожа Мұқтар Бақадырұлы және жаттықтырушы гид-экскурсовод, доцент Рахимбекова Майра Жұмағалиқызынан дәріс алуда.

Семинар-тренингтің мақсаты - өңірдің туристік нысандары туралы ақпаратты сапалы ұсыну, білікті кадрларды ұлғайту, туристік индустрия саласында адами ресурстарды дамыту, маршруттарды дұрыс жоспарлау, гид-экскурсовод қызметінің сапасын арттыру.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 273 рет