Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 22:07

Бәйдібек: Аудан орталығындағы саябақтарға тал егілді

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков «Жастар саябағына» барып шырша талын екті.

Саябақтарға тал отырғызу шарасына аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімі, бөлім, мекеме басшылары мен мамандары, ардагерлер, әйелдер кеңесі, әжелер алқасы қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, аудандық БАҚ-ы, жастар белсене қатысты.

Тал егу шарасында аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы «Жастар саябағында» қоғамдық ұйымдардың өкілдердірімен және ардагерлермен кездесіп, аталған саябақты абаттандыру бойынша алдағы атқарылатын жұмыс-жоспарларымен бөлісіп, пікір алмасып, ардагерлердің бірқатар ұсыныстарын тыңдады.

Сонымен қатар аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы еңбек ардагерлерімен бірге орталыққа саябақты аралап, терек талын отырғызды. Сенбіліктер санитарлық-тазалық айлықтары аясында бұдан былай да ұйымдастырылып, көшелердің барлығы тазаланып, тал көшеттерін егу шаралары жалғаса беретінін жеткізген аудан әкімі, шараға қатысушылардың еңбегіне сәттілік тілеп, алғысын білдірді. Мақсат - жастарды табиғатты аялауға баулып, патриоттық рухта тәрбиелеу, туған жерді қастерлеуді үйрету болып табылады.

Жалпы бүгін Шаян ауылындағы «Жастар саябағына» 100 түп шырша, орталық саябаққа 160 түп терек көшеттері егілді. 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 341 рет