Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 22:16

Киелі шаһарды көріктендіруге Түлкібас ауданы да ерекше үлес қосуда

Түркістан қаласы облыс орталығы болған күннен бастап, киелі шаһарды дамыту және абаттандыру, көгалдандыру бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып келеді.

Бұл тұрғыда Түлкібас ауданы да ерекше үлесін қосып, өздерне бөлінген №14 секторда ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Солардың бірі көгалдандыру жұмыстары.

Бүгінгі күнге дейін Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен жоспарға сәйкес жалпы саны 7310 түп арша,терек, гужум, қараағаш көшеттері отырғызылды. Қазіргі таңда 5 көшеге (Сатыпалды көшесіне-2400м2, Жүнекей-4800м2, Кенжебай-4800м2, Нахипова-4800м2, Майлықожа-4800м2, Дастанов-1500м2) жалпы аумағы 18 300м2 жерге тамшылатып суару жүйесі жүргізілді.

Егілген көк желекті суаруға қажетті ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында 2 дана ұңғыма қазу жұмыстары аяқталып (Дастанов көшесінде-1, Майлықожа-1 дана), 3 дана ұңғыма (Жүйнекей көшесінде-1 дана, Нахипов көшесінде-1 дана, Шымкент Тас Жолы көшесінде-1дана) қазу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш жұмыстар облыс әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаевтың хаттамалық тапсырмаларына сәйкес және «Жасыл Түркістан» МКК-нің басшылығымен бекітілген жұмыс кестесі бойынша уақытылы жүргізілуде. Яғни ағаштарды бекіту,сырлау, дәрілеу, қосымша сәнді ағаштар отырғызу жұмыстары жоспарға сай іске асуда. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 368 рет