Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 22:33

Жетісай жастары тазалық жұмыстарын қолға алуға шақырады

Көктемнің шығуын асыға күтетін адамзат баласы айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, түрлі ағаштардың көшеттерін отырғызады. Көгалдандыру жұмыстарына кіріседі.Міне, Жетісайдың жастары да осындай игі істі қолға алып, аудан орталығына сенбіліктер өткізуді бастады.

Іске мұрындық болған Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен ауданның ерікті жастары, Түркістан облысының Қоғамдық Даму Басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалы қызметкерлері Жетісай қаласындағы Қожанов көшесіне тазалық жұмыстарын жүргізген жастар ерте көктемде көгалдандыру жұмыстарына кірісетіндіктерін айтады.

Аудан орталығына кірер негізгі күре жолдың бойын тазартып, жасыл желеңге айналдыру мақсатында түрлі декоративті ағаштардың көшеттері отырғызылды. Әрбір көшетті күтіп-баптау жұмыстары тұрғындарға түсіндіріліп, мамандар табиғатты аялауға шақырды.

«Көгалдандыру, тал егіп, оны күтіп-баптау баршамызға ортақ іс болуы тиіс. Өйткені, бүгінгі біздің еккен ағаштарымызды болашақта біздің ұрпағымыз саялайтын болады. Ерте көктемде аудан тұрғындарын жаппай көшет отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізуге шақырамыз. Тазалық – бірінші кезекте өз денсаулығымызды сақтауға септігін тигізсе, көшет отырғызу – жасыл белдеу қалыптастырудың негізі» дейді шараны ұйымдастырушылар.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 419 рет