Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 22:46

Жетісайда 7200 үйге QR код ілінді

Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы көшелерде орналасқан үйлерге QR коды, көше атаулары мен үй номерлері көрсетілген мекен-жай тақтайшаларын жасау және орнату жұмыстары жоспарланып, жүргізілген болатын.

Жоспарланған жұмыстың аяқталу мерзімінің кешігуіне байланысты мәлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан шағым айтылған еді.

Айтылған шағым бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған «Түркістан – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелерімен қоғамдық мониторинг жүргізілген болатын.

Жүргізілген мониторинг барысында жаһандық пандемияға байланысты бекітілген шектеулер мен Жетісай қаласы тұрғындарының мекен-жайларының POST.KZ сайтына тіркелмеуіне байланысты бірқатар үйлердің нақты дерегі анықталмай, жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталуына қолбайлау болғандығы анықталды. Бұл бойынша мониторинг топ мүшелері мен Жетісай ауданы әкімдігі тарапынан мердігер «Sapar & Consulting & Myrzashol» ЖШС басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жұмысты мүмкіндігінше жылдамдату қатаң тапсырылған болатын.

Бүгінде Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы көшелерде орналасқан үйлерге QR коды, көше атаулары мен үй номерлері көрсетілген мекен-жай тақтайшаларын жасау және орнату жұмыстары аяқталып, жоспарда белгіленген 7200 үйге тиісті тақтайшалар ілінді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 325 рет