Сенбі, 10 Сәуір 2021 22:31

Шымкент: Жасыл желектерді күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте жасыл желектерге ағаш көшеттерін отырғызу және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, жасыл желектерге ағаш көшеттерін отырғызу және абаттандыру бойынша, аудан аумағында орналасқан "Шұғыла" шағын ауданындағы Жаңақоныс көшесінің бойына ағаш көшеттері отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған көшенің бойына 2000 түп оның ішінде, 1000 түп ясинь, 1000 түп клёнь ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр.

Айта кету керек, қазіргі таңда 1500-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылған. Аталған жұмыстарды "БилдСтрой" ЖШС атқарып отыр.  Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, аудан аумағындағы негізгі көшелердің бойында орналасқан аялдамаларды тазалау, жуу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды "ЛТД-Тұрмыс" ЖШС атқаруда.

Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы және ішкі орамдық көшелердегі ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 386 рет