Жұма, 23 Шілде 2021 15:17

Түркістан: Ордабасы ауданында 11 ауыл жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтылмақ

Түркістан облысы,  Ордабасы ауданында 11 ауыл жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Былтыр облыс бойынша 58 ауылдық елді мекен тұрғындары интернетке кедергісіз қосылуға мүмкіндік алған болатын. Биыл да осы аталған жұмыстар жалғасып жатыр. Мәселен, осы жылы Ордабасы ауданындағы жоспарланған 22 ауылдың 11-іне “Ксеll” АҚ басшылығымен келісім шарт жүргізілді.

Қазіргі таңда, Ордабасы ауданындағы Сарытоғай және Арыстанды ауылдарында, Отырар ауданындағы Темір, Талапты және Бесторанғы ауылдарында, Мақтаарал ауданындағы Шұғыла және Елқоныс ауылдарында, Төлеби ауданындағы Шатыртөбе және Костөбе ауылдарында, Бәйдібек ауданындағы Таңатар ауылында және Кентаудағы Бершінтөбе ауылында интернет жүйесі толқындарын қабылдайтын антена діңгегі құрылғыларын орнату үшін арнайы жер телімдерін дайындау жұмыстары басталды. Күзде осы елдімекен тұрғындарына интернет қолжетімді болады деп жоспарланып отыр. Қалған 11 ауылға да kcell.kz басшылығы жыл соңына дейін интернет желісін қосуды жоспарлауда.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 361 рет