Сәрсенбі, 21 Қыркүйек 2022 22:19

ШЫМКЕНТ: ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Тоғыс, Маятас, Бадам-1 тұрғын алаптары мен Шаңырақ шағын ауданында 1,6 шқ құрайтын арықтар қазылуда. Екі ай бұрын басталған жұмыс қазан айында аяқталады. Осы орайда

Шымшаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалаға шалғай орналасқан елді мекендердің жаңадан орнатылып жатқан ирригациялық жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті.

Соның бірі - Еңбекші аудан аумағына қарайтын Маятас тұрғын алабы. Қазіргі таңда Қ.Нысанбайұлы көшесі бойына ирригациялық науалар орнатылуда.

Былтыр аудан аумағында 13 мекенжайда 3,3 шқ ирригациялық арықтар орнатылған. Ал биыл жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеген. Су басуды алдын-алу үшін бірінші кезекте 7,3 шқ құрайтын 21 нысанға ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Қазірге дейін 14 мекенжайда жалпы ұзындығы 5,3 шқ болатын арықтар орнатылып, бітуге жақын.

Жалпы Еңбекші ауданы бойынша Тоғыс, Маятас, Бадам-1 тұрғын алаптары мен Шаңырақ шағын ауданындарында арықтар қазылуда.

Құрылыс жұмыстарының сапасы мен ауқымын межелеген қала әкімі бұған дейін берген тапсырмаларының тиянақты орындалуын талап етті. Ол: “Ауа райының қандай болатынын болжап біле алмаймыз және мол жауын-шашын жауғанда дайын болу үшін аумақтағы арыз-атыздар салынып бітуі керек”,-деді.

Айтып өтейік, былтыр аудан аумағында 13 мекенжайда 3,3 шқ ирригациялық арықтар орнатылды. Ал биыл жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеген. Су басуды алдын-алу үшін бірінші кезекте 7,3 шқ құрайтын 21 нысанға ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Қазірге дейін 14 мекенжайда жалпы ұзындығы 5,3 шқ болатын арықтар орнатылып, бітуге жақын. Олар: Қарабастау т.а. Бойыт ата, Қаратөбе т.а. Гулабад, Қаратөбе т.а. Наурыз, Тоғыс т.а. Керуенсарай, Бадам-1 т.а. Досметов, Ш.Уалиханов №190, Қызғалдақ,Теріскей №47, Сайрам №38а, Өркен, Б.Момышұлы, Саяжол.

Қалған 31 мекенжайға ирригациялық жүйелер 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.

Оқылды 241 рет