Бейсенбі, 24 Қараша 2022 15:46

ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖЫЛ БАСЫНАН 28 553 ҚҰРАЛДАРМЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛГЕН

 

 Шымкент қаласында өткен жылдан бастап әлеуметтік қызметтер портал іске қосылған болатын. Әлеуметтік қызмет порталы мүгедектігі бар жандарды оңалту құралдарымен қамтамасыз етеді. Мысалы, протездік-ортопедиялық, дыбыстық техникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен, сондай-ақ мүгедектер арбаларын беруді көздейді. Оған қосымша арнаулы әлеуметтік қызметтер бар.

Арнаулы қызметке жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторийлердің қызметі кіреді.

 

Порталдың жұмыс бастауына басты себеп – уақыт үнемдеу. Өйткені бұдан бұрын мүгедектігі бар  тұлғалар оңалту құралдарын мемлекеттік тапсырыс бойынша алатын. Оны алу мен кезекке тұруға айлап уақыт жоғалтуға тура келетін. Қазір күту мерзімі бір-екі аптаға созылса, оңалту құралдарын өз бетімен таңдауға да мүмкіндік туған. Бастысы бәрін «бір терезе» қағидасы арқылы басқаруға болады.

 

Ағымдағы жылдың 11 айында 55 құралдар түрі мен 3 қызмет түрі бойынша мүгедектігі бар азаматтар өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруде. Нәтижесінде мүгедектігі бар азаматтарға 28 553  құралдармен қызмет түрі көрсетілген. 

 

Атап айтсақ,

- протездік-ортопедиялық құралдармен қамтылу көрсеткіші - 4618

- сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен қамтылғандар -986

- мүгедектер арбасын алушылар - 1122

- жеке көмекшінің, ымдау тілі мамандарының қызметтері - 397

 

Қазіргі уақытта Шымкентте мүгедектігі бар азаматтар саны - 38 880 Оның ішінде І топтағы азаматтар саны- 3 691, ІІ топтағы-15 212, ІІІ топтағы -12 739 адам. Ал, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны -7 238.

Оқылды 607 рет