Сәрсенбі, 09 Қараша 2022 14:54

Түркістан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 10 айда көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің саны - 19225

Түркістан қаласы әкімдігініңЖұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова 2022 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындысы туралы мәліметтерімен бөлісті. Оның айтуынша, 2022 жылдың 10 айында  жалпы  19225 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің осы және басқа да мәліметтеріне тереңірек үңіліп, елімізде халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету бойынша қандай шаралар жүзеге асырылып жатқанына кеңірек тоқталып өтсек.

Түркістан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты 5 бағытта жүргізіледі. Атап айтқанда: - еңбек қатынастарын үйлестіру; - аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау; - мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау; -Азаматтық хал-актілерін тіркеу; -Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту. Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізіміліне сәйкес 22 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіліп, қызмет мерзімінде орындалуда. Атап айтқанда: Азаматтық хал актілерін көрсету секторында - 9; Жұмыспен қамту және жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету секторында - 8; Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтару -1; Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында –3; Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша – 1 қызмет.

2022 жылдың 10 айында  жалпы  19225 мемлекеттік қызмет көрсетілген (тікелей бөлім арқылы-1476, ХҚКО арқылы-10062, электронды үкіметтің порталы арқылы 7678 қызмет). Оның ішінде: -  Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша-11 737 қызмет; - Аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік көмек көрсету саласы бойынша - 3917 қызмет; - жекелеген санаттағы азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету саласы бойынша-3502 қызмет; Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында –294 қызмет; Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша – 3692 қызмет.

Атаулы әлеуметтік көмек  бойынша

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» N 246 Заңы, ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» № 1032 қаулысы, ҚР Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшем шарттарын бекіту туралы» N 29-ө бұйрығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» N 237-ө бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 320 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

2022 жылдың басынан бері 10 айдың қорытындысымен  3 917 отбасына (21 601 адам) 1 240 968мың теңгегеАӘК тағайындалып, төлем жасалынған. 2022 жылдың 1 тоқсанына 2 371 отбасына (13 074 адам) 392 520,0 мың теңге тағайындалған. Кедейлік шегі – 26 147,1 теңге; 2022 жылдың 2 тоқсанына3 201 отбасына (17 584 адам) 332 156,0 мың теңге  тағайындалған.Кедейлік шегі – 26 922,0 теңге; 2022 жылдың 3 тоқсанына2 505 отбасына (13 965 адам) 420 188,0 мың теңге тағайындалған.Кедейлік шегі – 28 470,4 теңге; Әр тоқсан сайын кедейшілік шегі көтерілуіне байланысты өтініш берушілер саны артып отырған.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) бойынша:

2022 жылдың басынан бері 10 айдың қорытындысымен 3 987 балаға204 339,0 мың теңгеге КӘТ тағайындалып, төлем жасалынған. 2022 жылдың 1 тоқсанына 3 477 балаға (1-3/ 1605; 3-6/1872; 1-6/3477) 27 930,0 мың теңге тағайындалған. 2022 жылдың 2 тоқсанына 3 371 балаға (1-3/ 1644; 3-6/1727; 1-6/3371) 100 549,0 мың теңге тағайындалған.  2022 жылдың 3 тоқсанына 3 927 балаға (1-3/ 1853; 3-6/1945; 1-6/3798) 85 346,3 мың теңге тағайындалған.

Демеушілер есебінен көрсетілген әлеуметтік көмек бойынша:

2022 жылдың басынан бері 10 айдың қорытындысымен 1085 отбасыға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілген.Бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 237 отбасыға, секторлардың ұйымдастыруымен 857отбасыға, оның ішінде:

-Отырар м/а-195 адам;                                            -Бекзат м/а-150 адам;

-Шавгар м/а-130 адам;                                            -Сауран м/а-189 адам;

-Яссы м/а-106 адам;                                    -Бірлік м/а-87 адам.

Демеушілер есебінен 1 281 балаға киім-кешек берілген.

Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу сатылары:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін егов порталы арқылы немесе халықтық кеңсеге барып ЭЦП ключпен өтініш береді. (өзімен бірге жеке басын растайтын құжатын, балаларының туу туралы куәліктерін, өтініш берушінің счет номерін және қажет болған жағдайда жұмыс орны бойынша растама құжаттары қажет).

2)Өтініштер бір күн ішінде жұмыспен қамту орталығына (бұдан әрі-орталық) түсіп, учаскелік комиссия төрағасына жолданады және комиссия 7 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мұқтаж немесе мұқтаж еместігін анықтап, комиссия қорытындысымен жұмыспен қамту орталығына ұсынады.

3)Орталық бір күн ішінде шешім жобасын қабылдап, уәкілетті органға құжаттарды хатпен жолдайды.

4)Уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту және құжаттарды қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылдайды. Құжаттарды қайта қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салу қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне жазбаша хабардар етіледі, сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады.

5)Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан  шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді.

6)Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы

«Ардагерлер туралы» ҚР 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VІ Заңы, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 1992 жылғы 18 желтоқсандағы  N 1787-ХІІ Заңы ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» N 39 Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» № 26 бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № 84 бұйрығы.

Мүгедектігі бар азаматтардың жалпы саны-9523 адам. Оның ішінде оңалтудың 5433 мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы түзілген. Қазіргі таңда мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасының орындалуы 67,6 пайызды құрайды. Жалпы жыл басынан мүгедектігі бар азаматтардың жеке бағдарламасына сәйкес 5538 құралға өтініш білдіріп, 3744 қамтамасыз етілген.

Оның ішінде: протез-ортопедиялық құралдарға 775 адам өтініші білдіріп, 436 қамтамасыз етілген (56,2℅), сурдо-техникалық құралдарға 202 адам өтініші білдіріп, 123 қамтамасыз етілген (60,8℅), Ттифло-техникалық құралдарға 417 адам өтініші білдіріп, 291 қамтамасыз етілген (69,7℅), арнаулы жүріп-тұру құралдарына 323 адам өтініші білдіріп, 286 қамтамасыз етілген (88,5℅), санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге 1502 адам өтініші білдіріп, 586 қамтамасыз етілген (39℅), жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне309 адам өтініші білдіріп, 304 қамтамасыз етілген (98,4℅), ымдау тілі маманының қызметіне89 адам өтініші білдіріп, 80 қамтамасыз етілген (89,9℅), міндетті гигиеналық құралдарға1921 адам өтініші білдіріп, 1638 қамтамасыз етілген (85,2℅)

Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту туралы

Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығы.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер бұл - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені. Сондай-ақ, Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бұл - қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында үйде қызметтер көрсету ұйымдарда (бұдан әрі – үйде қызметтер көрсету ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және тәртібін белгілейді.

Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Үйдеәлеуметтіккөмеккөрсету  бөлімшесінде әлеуметтік қызметкерлер саны – 27 ( 1-меңгеруші,1-кеңесші,27 әлеуметтік қызметкерлер). Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер – 6, мүгедек балаларды күтушілер – 17. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде  37  жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 108 мүгедектігі бар балалар, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі  шектеулі 5мүгедектігі бар азамат есепте тұрады, жалпы 150адамға әлеуметтік  қызметтер көрсетілді.

жалғізілікті қарттар 

2022 жыл

Төленген қаржы

Қаралған сомасы

1411,9

1176,6

Қарттар саны

37

37

1 адамга төленетін сомасы

3180

3180

  -2022 жылы үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер 300, қамтамасыз етілгені 300;

Үйде оқитын мүгедек балалар

2022 жыл

Төленген қаржы

Қаралған сомасы

8270,0

6426,0

Мүгедек бала саны

300

300

1 адамға төленетін сомасы

3180

3180

Жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 2022жылы Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не  әлеуметтік қызмет алуға  65 мүмкіндігі шектеулі  бала  кешенді қызметтермен қамтылды.           

2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым  70  ерекше балағакүндізгі бөлімшеге   арнаулы  әлеуметтік қызметтерді  ұсынып келеді.

Күндізгі бөлімше

 

2022 жылға

 

Мүгедек бала саны

70

Қаралған сомасы

51376,0

Игерілген сомасы

34378,2

Азаматтық хал-актілерін тіркеу жұмыстары бойынша

Түркістан қаласының АХАТ сектор қызметкерлері, 2019 жылдың 25 қараша айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою» туралы қағидасыменжұмыс  жүргізеді.  Қазақстан  Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы » туралы Кодексі -  неке - отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.Неке (ерлі-зайыптылық) дегеніміз–ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.Ал, отбасы дегеніміз – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы.

Келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Кодексінің  91-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің  1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым қатынастар мен құқықтық көмек туралы» Конвенцияға сәйкес (Конвенция о пpавовой помощи и пpавовых отношениях по гpажданским, семейным и уголовным делам) өзге мемлекеттерден  келіп түсетін азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты тапсырыстар ұлттық заңнамаға сәйкес  мерзімінде орындалады.

Нақтырақ айтатын  болсақ, туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы, тегін, атын, әкесінің  атын  өзгертутуралы  хал  актілерін  тіркейді. Атап айтқанда, 2022  жылдың  10  айында  - туу туралы - 6531, оның ішінде  өлі  туылғандар – 92; неке қию туралы -1597, оның  ішінде  шетел азаматтары -18; қайтыс болу туралы –793, оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлі туылғандар – 57; неке бұзу туралы – 54 оның ішінде сот шешімі бойынша – 20;  тегін, атын, әкесінің  атын –28  тіркелді.

Сондай-ақ, күрделі істер, оның ішінде - түзету, өзгерту және толықтыру енгізу туралы  істердің  саны –316, жою туралы  істер – 12,  тууды мерзімі өтіп тіркеу істері –1,  ТАӘ  өзгерту  туралы  істері  - 28.Сонымен  қатар, анықтамалардың саны –1113,  қайталама  куәліктердің  саны –1434.2022 жылдың  10айында  ҚР–ның  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің  491- бабына сәйкес  әкімшілік  іс  қозғалмады.

Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша

Мемлекет басшысының 2021 жылғы № 622 Жарлығына сәйкес 01.01.2022 жылдан ҚР ІІМ-нен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға еңбеші көшіп келушілерге рұқсат беру функциялары берілді.Соның негізінде Түркістан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» № 123 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап қызмет көрсетуде.Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту бойынша Түркістан қаласында 10 айында барлығы 3343 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Пробация жұмыстар

Еңбек қатынастарын үйлестіру жұмыстары келесі нормативтік-құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады: "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы»№ 412 бұйрығы. Еңбек қатынастарын үйлестіру жұмыстары келесі нормативтік-құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады: "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы»№ 412 бұйрығы.

Түркістан қалалық пробация бөлімі қызметі есебінде жалпы 196 адам есепте тұрады, оның ішінде 137 адамға пробациялық бақылау белгіленген. Түркістан қаласы әкімдігінің 02 ақпан 2022 жылғы №300 «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,  жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына  квоталар белгілеу туралы» қаулысы бекітіліп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға 5 мекемеге 9 орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыу үшін 4 мекемеге 7 орынға квота белгіленген.

Қазіргі таңда 13  жұмыс орындарына квота бойынша жолдама беріліп, жоспар  81,2  пайызға орындалған. Сонымен қатар, пробациялық бақылаудағы азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілуде. Жеке кәсібін ашуға және оны дамытуға көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында 15 сәуір 2022 жылы Бизнесті қолдау және туризм бөлімі тарапынан өз жеке кәсіпкерлігін ашуға жеңілдетілген несиелер және гранттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. 14.06.2022 жылы Түркістан қалалық пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларға жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту салалары бойынша кездесу ұйымдастырылып, 60 сотталғандар қатыстырылды.  16 мамыр 2022 жылы есепте тұрған тұлғалармен теологтармен кездесу ұйымдастырылды.

Түркістан қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан пробация қызметі есебіндегі     А. Тенлибаеваның Төле би атындағы №19 жалпы орта мектепте оқитын 7, 8 сынып балалры ағымдағы оқу жылында  киім-кешекпен қамтылған. Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған тұлғалардың рухани дамуына және патриоттық сезімін ояту мақсатында 21.03.2022 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің спорт және мәдениет бөлімімен бірлесіп Наурыз мерекесі қарсаңында спорттық және мәдени іс шара өткізілді.

20.04.2022 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 10 сотталғанға ауқымды азық-түлік пакеті берілді. Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен 26.06.2022 жылы өткізілетін цирк іс-шарасына сотталғандардың балаларына 50 билет берілді.

Түркістан қалалық, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 8 шілдеде кіші футболдан жарыс өткізілді.

Аға ұрпақ өкілдері туралы және оларды әлеуметтікқолдау шаралары туралы

Түркістан қаласында 14523 зейнеткер тұрады. Оның ішінде: Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектері -3, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер – 382, тыл еңбеккерлері-384. Көп балалы аналар-13291. Оның ішінде: алтын алқа-621; күміс алқа-2324; батыр аналар-75; 1-2 дәрежелі ана даңқы орденімен марапатталған аналар-106; 18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны-10165.

Қала деңгейінде ардагерлерді сауықтыру мақсатында  жолдамамен қамтамасыз етілген.Атап айтқанда: -2022 жылға облыстық бюджеттензейнеткерге 500 жолдама бөлініп,(«Ардагерлер» үйіне 260, «Мейір» ардагерлер үйіне 240 жолдама) ағымдағы жылдың «Мейір» ардагерлер үйіне -192, «Ардагерлер»  үйіне -208 жолдамамен қамтамасыз етілді. - 4 ардагер  басылымға тегін жаздырылды. 15 ақпан Ауған әскерлерінің шығарылуына 141 ауған соғыс ардагерлеріне 35 АЕК – 15115,9 мың теңге; 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне 3089 көп балалы аналарға 2 АЕК -18923,2мың теңге; 7 мамыр отан қорғаушылар күніне 381 ҰОСА теңестірілгендерге 25 АЕК -30289,5мың теңге; 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне 4 ҰОС ардагеріне  1000,0 мың теңге -4000,0мың теңге; 419 тыл ардагерлеріне 30,0 мың теңге -12570,0мың теңге; 17 қайтыс болған ҰОСМ әйелдеріне 30,0 мың теңге, жалғызлікті 32 қартқа 1 АЕК -510,0мың теңге; Иммун тапшылығымен ауыратын 8 балаға екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі -3479,6мың теңге; Туберкулез ауруымен ауыратын 52 адамға 5 АЕК -5623,8 мың теңге;

Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысы туралы

13 желтоқсан 2021 жылы Түркістан  қаласы әкімдігінің № 2224 Қаулысымен мүмкіндігі шектеулі және зейнет  жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы құрылды. Оның құрамында:«Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі қарттар және зейнет жастағы азаматтарға  қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендетуге кешенді сауықтыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Жыл басынан жоспар бойынша 360 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 240  адамға қызмет көрсетілуде,  немесе    66,6 % құрады.  Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт  бойынша 1390   қызмет  көрсетіліп келеді.

Өзін-өзіне қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, ағартушылық, тұрмыстық еңбек, әлеуметтік –демалыс және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерін және бос уақытын пайдалы өткізудің кешенін өткізу   олардың белсенді өмір салтын сақтау және дамыту көзделген. Белсенді ұзақ өмір орталығында  дәрігердің бақылау мен кеңесі бойынша психологтың көмек, тұзды бөльме, сенсорлық бөльме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет,  акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және тенис ойын алаңы, қосымша би, ән тағы басқа үйірмелер қызмет етуде.

Қазан айында өткізілген іс – шаралар: 1- қазан Қарттар күні  мерекесіне орай мекеменің ғимаратының ашылу  салтанаты болды. 25 – қазан Қазақстан Республика күніне «Жайнай бер, жасай бер Қазақстаным!» атты іс – шара өтілді. Мерекелік іс-шараларда зейнеткерлеріміз белсене қатысып ән айтып, би билеп, тілектерін білдірді және қатысқан зейнеткерлерге сыйлықтар таратылды.

Қаржыландыру мәселесі: «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі қарттар және зейнет жастағы азаматтарға  әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсету үшін бюджеттен 166,3 млн теңге қаралған.   Осы  бөлінген қаржының 139,5  млн  теңгесі  игерілген.

«TEN QOGAM»бөлімшесі жеке тәсілді еңгізу және  қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді. Жыл басынан жоспар бойынша 300 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 150 адамға қызмет көрсетіліп келеді, немесе    50% құрады.  Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт бойынша  517  қызмет  көрсетіліп келеді. Атап айтқанда: еңбек терапиясы, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметті мәселелер бойынша заңды кеңес және сүйемелдеу және демалыс ұйымдастыру шаралары бойынша тарихи-мәдени орындарға экскурсия мен театр, концертке бару  және мерекелік мәдени іс- шаралар ұйымдастырылады.

Қызмет көрсету бойынша жеті бағытта:  қызмет көрсетіліп,  9 іс-шара өткізіліп,  жұмысқа орналасқан 10  адам, Бизнес тренг бойынша 37 курс оқып, оның нәтежесінде 11  адам грандты  ұтып алды. Қаржыландыру мәселесі: Мүмкіндігі шектеулі  азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсету үшін бюджеттен 35,0 млн теңге қаралған. Осы бөлінген қаржының 29,2  млн теңгесі  игерілген.

 

 

2022 жылғыкөрсеткіштер

 

жылдықжоспар

орындалуы

орындалупайызы %

бөлінгенқаржымың, теңге

игерілгенқаржымың, теңге

тұрақтыжұмыспенқамтылғаны

Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау

1455

1493

103%

1 559 813,0 

362 736,8 

 

1

Қоғамдық жұмыстар (жалақысы - 85 000 теңге)

650

843

130%

845 120,0 

322 483,0 

20

2

Әлеуметтік жұмыс орындар (жалақының 35%-ы)

240

125

52%

91 476,0 

24 799,0 

1

3

Жастарпрактикасы (жалақысы - 91 890 теңге)

500

490

98%

567 135,0 

65 640,0 

0

4

Алғашқы жұмыс орны (жалақысы - 91 890 теңге)

30

35

117%

56 082,0 

5 205,0 

0

5

Ұрпақтар келісімшарты жобасы (жалақысы - 91 890 теңге)

5

0

0%

0,0 

 

 

6

Күміс жас жобасы (жалақысы - 91 890 теңге)

30

0

0%

0,0 

0,0 

 

 

Халық арасында әлеуметтік салаға қатысты көптеген сұрақтар туындап жататыны жасырын емес. Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алады, оған қандай құжаттар керек, кім ала алады, мүгедектікке шығу үшін қандай құжаттар әзірлеу керек, бос жұмыс орындарын қалай табуға болады деген секілді сауалдарді жиі естіп жатамыз. Біз халықтың осындай кейбір сауалдарына жауап беріп, еліміздегі әлеуметтік саладағы тың жаңалықтармен бөлісуді жөн көрдік.

 

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек кімге беріледі?

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек-бұл шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға  мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем. Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі: 

 

1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептер бойынша: зейнеткерлік жасқа толуына; бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне; екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты.

 

2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе барлық еңбекке жарамды отбасы мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар, және (немесе) келесілерге күтім жасауды жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға: -үш жасқа дейінгі балаға; -мүгедек балаға; -бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке; -қарттар; -бөгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж. Жалғыз басты және/немесе жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға, сондай-ақ құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

 

Кімге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады?

 

ҚР-да атаулы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын келесі санаттағы тұлғалар ала алады: - ҚР азаматтары; -оралмандар; -босқындар; -шетелдіктер; -ҚР-да тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.

 

Кедейлік шегі - бұл атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін критерий ретінде белгіленетін бір адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті табыстардың шегі.

 

Кім әлеуметтік атаулы көмек ала алмайды?

 

ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес төмендегілердің әлеуметтік атаулы көмек алуға құқығы жоқ: -табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға); -еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап 6 ай бойы; -алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген -міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы 6 ай бойы; -атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап 6 ай бойы; -материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

 

Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері

 

«Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес бір адамға немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін отбасының әрбір мүшесі есебінен орташа жан басына шаққандағы табыс және облыстарда белгіліенген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде уәкілетті орган есептейді. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі. Ал өтініш беруші 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы хабарлауға міндетті.

 

Жан басына шаққандағы орташа табыс қалай есептеледі?

 

Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаның жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
Отбасының жиынтық табысына белгіленген уақыт кезеңі ішінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмегінен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысу шеңберінде мемлекеттік қолдау іс-шараларынан басқа табыстың барлық түрлері қосылады. Әкімдіктер өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып келесілерді кіріс бермейді деп айқындауға құқылы: үй малы, құсы, жер учаскесі. Жан басына шаққандағы орташа табыс әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.

 

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек кімге беріледі?

 

Ең төменгі күнкөріс деңгейі және кедейлік шегі. Атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасы мүшесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен адамдарға тағайындалады: бұл мән (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і) «кедейлік шегі» деп аталады.
2021 жылы Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болса, 2022 жылы ол 36 018 теңгені құрайды. Сондықтан кедейлік шегі 2021 жылы 24 011 теңге болса, 2022 жылы бір адамға айына 25 212 теңге төленеді. Егер 2022 жылы отбасы табысы бір адамға шаққанда айына 25 212 теңгеден аз болса, онда мұндай отбасы осы отбасының барлық мүшесі үшін атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бере алады. Отбасының орташа табысын есептеу кезінде мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы есепке алынбайды.

 

Қазақстанда АӘК көлемі қандай болады?

 

Атаулы әлеуметтік көмек көлемін әр адамға қатысты жеке есептейді. АӘК мөлшері кедейлік шегі мен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы арасындағы айырмашылықты құрайды, яғни 25 212 теңгеден отбасының бір адамға шаққандағы орташа табысын шегеру қажет. Кейде отбасының әрбір мүшесіне 1000 теңге немесе 20 теңге, тіпті 1 теңге атаулы әлееуметтік көмек тиесілі болуы мүмкін.

 

АӘК-тен неге бас тартуға болмайды?

 

Егер отбасы аз да болса атаулы әлеуметтік көмек алса, онда бұл отбасының балалары үшін еңбек министрлігінен (егер балалар 1-6 жас аралығында болса) немесе білім министрлігінен (6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін) көмек беріледі. АӘК алатын отбасындағы 1-6 жас аралығындағы балаларға не тиесілі Мұндай балаларға ай сайын азық-түлік және гигиеналық заттар жинағы беріледі. Онымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдары қамтамасыз етуге тиіс.-1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді: -жеміс және (немесе) көкөніс гипоаллергенді езбесі – кемінде 1200 грамм; -балаларға арналған гипоаллергенді сәбилер ботқасы – кемінде 320 грамм; -қаптамадағы жүгері жармасы – кемінде 400 грамм; -қаптамадағы сұлы қауыздары – кемінде 800 грамм; -балаларға арналған печенье – кемінде 180 грамм;
пастерленген немесе ультрапастерленген сүт – кемінде екі литр.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді: -пастерленген сүт – кемінде екі литр; -қатты бидайдан дайындалған макарон, сұлы қауыздары, арпа жармасы, шағылған асбұршақ – барлығы кемінде 800 грамм; -ұнтақ жармасы – кемінде 700 грамм; -қарақұмық немесе күріш жармасы – кемінде 1,6 кг; -күнбағыс майы – кемінде 0,8 литр; -гематоген – кемінде 240 грамм; -құрамында бүтін астық дақылдар бар таңғы асқа арналған сүтке қосатын тағам – кемінде 250 грамм; -балаларға арналған печенье – кемінде 400 грамм; -таза бал – кемінде 200 грамм. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тұрмыстық химия құралдарының ай сайынғы жинағына тіс пастасы, тіс щеткасы, гипоаллергенді сабын, сусабын, жақпамай, кір сабын және кір жуғыш ұнтақ кіреді.

 

АӘК алатын отбасындағы 6-18 жас аралығындағы балаларға не тиесілі?

 

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық химия жинақтары берілмейді. Бірақ білім және ғылым министрлігінің басқармалары мен бөлімдері оларды мектепке қажетті барлық жабдықпен қамтамасыз етеді.
Біріншіден, бұл балалар мектепте күнделікті тегін тамақтануға құқылы болса, екіншіден, олардың қоғамдық көлікте жүру құнының 50 проценті өтеледі.
Сонымен қатар балаларға мектеп формасы және мектепке қажетті құралдар беріледі (жылына бір рет). Ұл балалар пиджак, желетке, шалбар, жейде немесе водолазка және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Қыздарға пиджак, желетке, белдемше немесе сарафан (немесе шалбар), жейде немесе водолазка және аяқ киім беріледі. Бұл жинаққа сондай-ақ спорт костюмі мен спорт аяқ киімі кіреді. Кеңсе заттарының жинағына рюкзак, сонымен қатар дәптер, қаламсауыт, қарындаш, қаламсап, сызғыш, өшіргіш, жоғары сыныпта оқитындарға – циркуль, ал төменгі сыныптағыларға сурет салуға арналған альбом мен бояу кіреді.

 

АӘК қашан беріледі?

 

АӘК өтініш берген күнге қарамастан азамат жүгінген күннен бастап тағайындалады. Мысалы, егер өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде жолданса, онда төлем бүкіл айға толық төленеді.

 

АӘК кімге берілмеуі мүмкін?

 

Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Шартты ақшалай көмек отбасында еңбекке жарамды адам болған жағдайда тағайындалады. Алты ай ішінде жұмысқа тұрудан бас тартқан жағдайда барлық отбасы мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады. Ол тұрмысы төмен отбасыға жатпайтын, көрінеу жалған ақпарат берген адамдарға, учаскелік комиссияға сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес адамдарға тағайындалмайды.

 

Кімдер мүгедек деп танылады? Кімге хабарласу керек? Мүгедектігі туралы өтініш берген кезде қандай құжаттар ұсынылуы керек? Енді осы сауалдарға жауап беріп өтсек.

 

Медициналық-әлеуметтік сараптаманы (МӘС) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері, яғни бұл жағдайда Нұр-Сұлтан қаласының департаменті (Иманбаева көшесі, 16) жүзеге асырады. МӘС жүргізуі медициналық комиссия ұйымының (IAC) негізгі бағыты болып табылады.

 

1. Тұрғылықты жері бойынша емханаға хабарласыңыз. Учаскелік дәрігер қажетті тексеруді және емдеуді таға­йындайды, қажет болған жағдайда маманға клиникалық және функционалды диагнозды нақтылау үшін жібереді; 2. Диагноз қойылғаннан кейін емдеуді үйлестіру қажет; 3. Операция мен тексеруді қоса алғанда, барлық қажетті диагностикалық, емдік процедуралар кешенін жүргізу;4. Оңалту іс-шараларын жүргізу;5. Егер емдеу іс-шараларын жүргізуге қарамастан, өмірлік белсенділіктің шектелуіне әкелетін дене функциясының тұрақты бұзылуы қалса, олар МӘС-қа жіберіледі;6. Әрбір медициналық мекемеде орналасқан дәрігерлік-консультациялық комиссия адамның еңбекке жарамсыздығы туралы шешім шығарады;7. 088/у медициналық нысаны толтырылады, оған сәйкес адам медициналық-әлеуметтік сараптамаға куәландыруға жіберіледі.

 

Уақытша еңбекке жарамсыздық (егер адам жұмыс істейтін болса, еңбекке жарамсыздығы кезеңінде) немесе ­диагноз қойылған сәттен бастап науқасты емдеуге және қалпына келтіруге бөлінген төрт ай өтуі керек. Бір ерекшелігі, анатомиялық кемістігі және дене функция­сының айтарлықтай немесе айқын бұзылуы бар қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ нау­қастар құрайды.

 

Егер өндірістік жарақат туралы айтатын болсақ, онда өндірістегі жазатайым оқиға туралы Н-1 түріндегі акті болуы шарт. Егер әскери қызметте жарақат алса, онда себептік байланыс орнатылуы керек. Мұнымен тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган айналысады. Егер адам Семей ядролық полигонының аумағында белгілі бір жылдары өмір сүрсе және оның ­диагнозы ядролық полигонның әсерінен туындаған аурулардың тізіміне енсе, онда бұл мәселе бойынша ведомствоаралық немесе аймақтық сараптамалық кеңес шешім қабылдайды.

 

МӘС-қа қандай құжаттарды тапсыру қажет?

 

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге өтінішпен бірге куәландыратын құжаттарды ұсынады. 088/у медициналық нысанын емхана электронды түрде ұсынады. Барлық қажетті құжаттарды, мысалы жеке куәлік, мекенжай туралы анықтама, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісін растайтын анықтаманы МӘС сарапшысы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» қосымшасы арқылы алады.

 

Мүгедектік балаларға қалай рәсімделеді?

 

Балалардың ата-аналары да емханаға хабарласуы керек. Егер анатомиялық ақау болмаса, диагноз қойылған сәттен бастап төрт ай өтуі тиіс.Балалар 16 жасқа тол­ғанға дейін 6 айдан 1, 2, 5 жас аралығындағы мүгедек балалар деп танылады.16 жастан 18 жасқа де­йін мүгедек балаға 18 жасқа толғанға дейін – 6 ай, 1 жыл мерзімге мүгедектік тобы тағайындалады.18 жастан асқан адамдар – 6 ай, бір жыл, екі жыл, қайта тексеруден өтпейді (шектеу­сіз).

 

Мүгедектікті белгілеу мерзімі

 

Мүгедектікті анықтау туралы сараптамалық қорытындылар жасалады: 1. Науқас тексеруден өткен кездегі емдеу күні; 2. Өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде МӘС әдіснамасы мен бақылау бөліміне кеңес беру үшін жолданған жағдайда.

 

Қосымша қызметтер

 

Мүгедектердің оңалту шараларын өткізудегі қажеттіліктеріне байланысты МӘС сарапшылары оңалту шараларының нақты көлемін, түрлерін және мерзімдерін анықтайтын оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) әзірлейді. ОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіби бөліктері медициналық көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдер негізінде жасалады.1. Электрондық-цифрлық қолтаңбаны алу үшін ХҚО-ға жүгіну;2. Оңалту объектілері мен қызметтерін ұсынуға өтініш жазу.Медициналық тексерудің толық көлемін адамдарды МӘС-қа уақытылы жіберген медициналық ұйымның төрағасы қамтамасыз етеді. Дәрігерлік кеңес беру ұйымы адамды МӘС-қа жатқызудан бас тартуы мүмкін, қызметкерді басқа жұмысқа ауыс­тыру үшін науқастың денсаулық жағдайы туралы қорытынды береді. Егер адам жұмыс істей алмайтын жағдайда болса, дәрігерлер мүгедектікті белгілеу үшін оны медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді.

 

Енді Зейнетке шығу тәртібі, зейнетақыны есептеу әдісі, құжаттар рәсімдеу мен зейнетақы төлемдері туралы айта отырсақ.

 

Қазақстанда ерлер зейнетке 63 жастан шығады. 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы біртіндеп 6 айға ұлғая береді. Қазір олар зейнетке 59 жастан шығып жатыр.Мамандар зейнетке шығуға алдын ала дайындалуға кеңес береді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсырғанға дейін құжатты жарты жыл, тіпті одан көп уақыт бұрын дайындап қою керек. Құжатты қалай дайындау керектігін, қайда жүгіну керектігін, сондай-ақ төлемдерді есептеп, төлеудің тәртібі туралы түсіндіре кетейік.

 

Зейнетақы неден құралады? Қазақстанда зейнетақының үш түрі бар:Базалық;Ынтымақтас (еңбек);Жинақтаушы.Базалық зейнетақы: 2018 жылдың 1-ші шілдесінен бастап еңбек өтілі мен ең төменгі күн көріс деңгейіне қарай есептелінеді (Ең төменгі күнкөріс деңгейі 2019 жылы = 29 698 теңге). Мәселен, кімнің еңбек өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, базалық зейнетақысы 0,54 төменгі күнкөріс деңгейін құрайды = 16 037 теңге. Әрбір бір жылғы еңбек тәжірибесіне 0,02 төменгі күнкөріс деңгейі қосылады. 20 жылдық еңбек өтілі бар адамның базалық зейнетақысы 0,74 төменгі күнкөріс деңгейін құрайды = 21 977 теңге. 33 жылдан жоғары еңбек өтілі барларға – 1 төменгі күнкөріс деңгейі = 29 698 теңге. Оны ортақ немесе жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан-қатыспағанына қарамастан бәрі алады. Яғни зейнетақы жасына жеткен азаматтарға мемлекет тарапынан төленетін міндетті әлеуметтік көмек.

Ынтымақтас (еңбек) зейнетақысы: 1998 жылға дейін жұмыс істеген, сол уақықа дейін кем дегенде 6 ай еңбек өтілін жинақтағандарға төленеді. 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап кез келген үш жылдың орташа айлық еңбек ақысы мен 1998 жылға дейінгі еңбек тәжірибесі есепке алынады. Бұл зейнетақыны толық алу үшін еңбек өтілі ерлерде 25 жылдан кем емес, әйелдерде 20 жылдан кем болмауы тиіс. 2040 жылға қарай ынтымақтас зейнетақы беріліп бітеді, өйткені ол кезде зейнетке шығатындардың 1988 жылға дейінгі еңбек тәжірибесі болмайды.

Жинақтаушы зейнетақы кәсіби және ерікті түрдегі міндетті жарналардан құралады. Қаражат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) түседі, оның филиалдары елдің барлық аймағында бар. 2040 жылдан соң зейнетке шыққандар базалық және жинақтаушы зейнетақыларын алады.

 

Құжаттарды рәсімдеу үшін қайда бару керек?

 

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына өтініш беру керек. Бұл – жергілікті жерлердегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары.  Өтінішті сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz онлайн-порталы арқылы беруге болады. Ол үшін электронды сандық қолтаңба болу керек (ЭСҚ). Порталға тіркеліп, авторландырғаннан кейін"Азаматтарға" арналған қызметтердің ішінен "Әлеуметтік қамсыздандыру" – "Мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау" – "Қызметке онлайн тапсырыс беру" басу керек. Өтінішті толтырып, қол қою ЭСҚ арқылы жүзеге асырылады. Порталдан өтініміңіздің статусын бақылап отыруға болады (мақұлдағанын немесе қызмет көрсетуден бас тартқанын).

 

Зейнетақы рәсімдеуге қандай құжаттар қажет?

 

Жеке басын куәландыратын құжат;Мекен-жай анықтамасы;Банк шотының нөмірі;Жұмыс орнынан табысы туралы және міндетті зейнетақы жарналары туралы анықтамалар;Еңбек кітапшасы;Білімі туралы диплом;Әскери билет (Қорғаныс ісі жөніндегі жергілікті басқармадан алынады);Неке туралы куәлік (егер тегі әр түрлі болса әйелі мен балаларының құжаттары қоса беріледі);Балалардың туу туралы куәліктері.Егер еңбек өтілін растайтын құжат болмаса, мұрағаттық анықтаманы мен сот шешімін ұсынуға болады, толығырақ №4 кәртішкеде жазылған.Егер туу туралы куәліктер болмаса, акт жазбасынан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама ұсынуға болады.Маңызды: Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарының тізімде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқы жоқ.

 

Егер еңбек кітапшам жоқ болса не істеймін?

 

Мұрағаттық анықтаманы немесе сот шешімін ұсынуыңыз керек. Мұрағаттық анықтаманы жұмыс орнынан сұрауға тура келеді. Егер кәсіпорын жойылып кеткен болса, қалалық мұрағат бөліміне жүгіну қажет. Компаниялар жабылатын кезде барлық құжаттарын сонда тапсырады.Еңбек кітапшасы бар, бірақ онда жұмыс істеген жерлердің бәрі көрсетілмесе, еңбек өтіліңізді кәсіпорыннан анықтама әкеле отырып, дәлелдей аласыз. Еңбек кітапшасы жоқ болған жағдайда да осылай істеу керек.Егер қалалық мұрағат бөлімінде қандайма бір себептермен қажетті құжаттар болмаса, сотқа жүгіну керек. Еңбек өтілін дәлелдеуге бұрынғы әріптестеріңіз куәгер бола алады (кем дегенде екеу болуы тиіс). Олар шын мәнінде сол компанияда жұмыс істегеніңізді дәлелдейді.

 

Еңбек өтілін дәлелдеуге сондай-ақ:Жұмыс берушімен жасалған еңбек келісім-шарты мен оны бұзу туралы негіздер;Келісім-шарт негізінде еңбек қатынастарының құрылғанын және бұзылғанын растайын жұмыс берушінің актілерінен үзінділер;Жұмысшыларға берілген жалақысының тізімдемесінен үзінділер;Жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен куәландырылған (бар болса) қызмет тізімі (жұмыс, жұмысшының еқызметі туралы сипаттамалар тізбесі);Аударылған зейнетақы жарналары туралы БЖЗҚ-дан үзінді көшірмелері;Жүргізілген әлеуметтік аударымдар турады Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметтері.Халыққа қызмет көрсету орталықтарының еңбек кітапшаларынан мүлдем бас тартатын мерзімі әзірге белгісіз.

 

Құжаттарымды тапсырдым, әрі қарай не болады?

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтары талон береді.10 жұмыс күні ішінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті зейнетақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Бұл туралы SMS көмегімен хабарлайды немесе Халыққа қызмет көрсету орталығынан білуге болады. Егер құжаттар дұрыс жолданбаса, оларды ретке келтіруді талап ету мүмкін. Оны 30 жұмыс күні ішінде істеу керек.Зейнетақы тағайындалғаннан кейін Халыққа қызмет көрсету орталықтары зейнеткерлік куәлігін береді.

 

Ең төменгі зейнетақыны кім алады?

 

Мемлекеттің кепілдендірілген базалық зейнетақысының ең төменгі шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ы көлемінде тағайындалады (Төменгі күнкөріс деңгейі 2019 жылы = 29 698 теңге). Оны 0-ден 10 жылға дейін еңбек өтілі барлар ала алады (16 037 теңге). 10 жылдан көп еңбек өтілі болса, әр жылға 2% қосылады.Егер 1998 жылға дейін жарты жылдан көп уақыт жұмыс істеген болсаңыз, сіз онда ең төменгі ынтымақтастық зейнетақысын да ала аласыз (2019 жылы – 36 108 теңге). Екі талапқа жауап беретін болсаңыз, зейнетақыңыздың көлемі 52 145 теңгені құрайды (16 037 + 36 108 теңге). Ешқашан жұмыс істемеген адам ынтымақтастық зейнетақысы ала алмайды.2040 жылдан бастап Қазақстанда ынтымақтастық зейнетақысын алып тастауды жоспарлап отыр. Мұндай жағдайда тек 16 037 теңгелік базалық зейнетақы қалады. Алайда ынтымақтастық пен базалық зейнетақының орнын ең төменгі кепілдендірілген зейнетақынымен алмастыру мәселесі де қарастырылып жатыр.

 

Зейнетке кім ерте шыға алады?

 

Бес және одан да көп бала туған немесе асырап алған және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жастан зейнетке шыға алады.Қосымша мынадай құжаттар талап етіледі:Балалардың туу туралы куәліктері;Балалардың жеке куәліктері;Балалардың оқу орындарында оқығаны туралы құжат;Балалардың мекен-жай анықтамасы;Неке қию туралы немесе неке бұзу туралы куәлік;Балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (бар болған жағдайда);Бала асырап алу, тәрбиесіне алу туралы сот шешімі.1949-1963 жылдар аралығында Семей ядролық сынағы алаңында тұрған қазақстандықтар. Мұндай жағдайда ерлер 50 жастан, әйелдер 45 жастан зейнетке шығады. Зейнетақыны тағайындау үшін 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейін 5 жыл ішінде радиациялық қауіпті және төтенше аймақта тұрғанын растайтын құжат ұсыну керек. Шотында жеткілікті сомасы бар болса, өмірін сақтандыратын компаниялармен зейнетақы аннуитеті туралы келісім-шартқа отырған азаматтар да мерзімінен бұрын зейнетке (50 жаста) шыға алады. 2019 жылы әйелдерге бұл сома 13 млн 296 мың теңгені, ерлерге 9 млн 710 мың теңге болып белгіленді.

Егер мен шетелдік болсам немесе ҚР азаматтығым болмаса, зейнетақы ала аламын ба?

Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР азаматтарымен бірдей зейнетақы жүйесіне қатысуға құқылы.Мәселен, сіз қазақстандық компания жалдап алған шетелдіксіз делік. Қазақстанда жұмыс істеп жатқанда жұмыс беруші сізге басқа да қызметкерлермен бірге зейнетақы жарнасын аударады. Қазақстаннан кеткен жағдайда сіз жинақталған соманы алып кете аласыз. Оны құжаттарды қабылдағаннан кейін 10 күн ішінде төлеу керек. Қазақстандықтар сияқты зейнетақыны әр ай сайын алып тұру мүмкін емес. Азаматтығы жоқтарға да солай. Сізге Халыққа қызмет көрсету орталықтарының көші-қон қызметіне жүгініп, шетелдік төлқұжатты көрсете отырып, арыз жазу керек. Шет тіліндегі барлық құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару қажет. Азаматтығы жоқ тұлғаларға аттас куәлікті ұсыну керек.

Егер БЖЗҚ-ның салымшысы қайтыс болса, жинақтарын кім алады?

Жеке зейнетақы шотындағы қаражат салымшының меншікті ақшалары болып саналады және ол қорда тіпті қайтыс болған жағдайда да мерзімсіз сақталады. Салымшы қайтыс болған жағдайда оның жинақтарын мұрагерлері ала алады.

Азаматтығымды ауыстырып, шетелге көшкім келетін болса, не істеймін?

БЖЗҚ-дағы өз қаражатыңызды алып кетуге құқылысыз. Бастысы тұрақты тұруға көшу құжаттарын дұрыс рәсімдеу керек. Бұл әлемнің түкпір-түкпіріне көшетіндердің бәріне қатысты.

Кейбір әлеуметтік төлемдер 2023 жылдан бастап 8,5%-ға өседі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің көлемін ұлғайту туралы» ҚР үкіметі қаулысының жобасын дайындады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының 8,5 пайызына ұлғайтылсын, делінген құжатта. Атап өткендей, төлемдерді индекстеу халықтың осал топтарына әлеуметтік қолдау көрсету аясында жоспарлануда.

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 4%-ға ұлғайтылды. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен мүгедектiк төлемi жоғалған табыстың 40%-на дейiн. 2022 жылы отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне асыраушысынан айырылу бойынша ай сайынғы жәрдемақы:

бір асырауындағы адам болған жағдайда – ең төмен күнкөріс деңгейінің (КМ) 0,86 (30 975 теңге);

екеуі болса – 13,49 PM (53 667 теңге);

асырауында үш адам болған жағдайда – 1,85 ПМ (66 633 теңге);

төртеуі болса – 13,96 ПМ (70 595 теңге);

бес болса – 14,03 (73 116 теңге);

алты және одан да көп болса – 14.11 (75 998 теңге).

Егер балалар ата-анасының екеуінен де айырылса, оларға әрқайсысына 1,18 PM (42 501 теңге) мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады. Бұл ретте отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 14,56-дан аспайтын (92 206 теңге) қарастырылған.

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы көлемін 30 мың теңгеге ұлғайту  туралы ақпарат - фейк

1, 2, 3-топтағы мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда бала кезінен мүгедектерге берілетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 30 мың теңгеден астам сомаға ұлғайтылғаны туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне байланысты болатынын естеріңізге сала кетейік.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты индекстеледі. Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері 5% - ға арттырылды. Бұдан басқа, инфляция дәлізін 4-6% - дан 8-10% - ға дейін қайта қарауға байланысты жәрдемақыларға қосымша индекстеу жүргізу жоспарлануда.

Жоғары мөлшердегі жәрдемақыларды төлеу Мемлекет басшысы «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады, оның жобасы қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сенатында қаралуда. Бұл ретте өткен уақыт үшін ағымдағы жылғы сәуірден бастап жәрдемақылардың жаңа мөлшеріне дейін тиісті қосымша ақы төленетін болады.

Әлеуметтік төлемдердің биылғы мөлшері қандай?

Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының бюджеті туралы» Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3063 т, ең төменгі зейнетақы 46302 т, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19450 т, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) - 36018 т, ең төменгі жалақы - 60000 т мөлшерінде белгіленді.  2022 ж. 1 қаңтарынан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%-ға арттырылады, ал базалық зейнетақы мөлшері жұмыс істеген өтіліне (барлығы 33 жылдан аспауы тиіс)  сәйкес есептеледі. Қайта тағайындалған зейнетақы есептеу үшін ең жоғарғы табыс 2022 жылы 46 еселенген айлық есептік көрсеткіш 140818 (46*3063=140898).

Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады,  ал  №1, №2  тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақысы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.                      

Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы: I-топ -69155 т,  II-топ -55108 т,  III- топ -37459 т. Бұрын бала мүгедектігін 16 жасқа дейін белгілеп 16 жаста науқастығына сәйкес топтарға ауыстырса енді 7 жасқа дейін бала мүгедегі болып 7 жастан бастап топтарға бөлінеді яғни 7 жасқа дейін - 50426 т, I–топ - 69155 т, II - топ -57269 т, III –топ 43222 т. болып белгіленді. Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге I – топ - 101211 т,  II -топ –86444 т, III –топ -72397 т. Мүгедек баланың күтіміне  - 50426 т төленеді.

Биылға енгізілген жаңалықтың түрі мынадай. 05.04.1999 ж.№126 «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы Заңына» өзгертулермен толықтырулар енгізу туралы 12.10.2021 жылғы №67–VII Қазақстан Республика Заңына сәйкес I-топ мүгедегіне күтім жасаған үшін күтушіге жәрдемақы тағайындалып төленеді. Осы уақытқа дейін аталған жәрдемақы тек мүгедектік себебі «бала кезінен» деп көрсетілген мүгедектерге байланысты болса енді мүгедектік себебіне қарамай барлық  I-топ  мүгедектер күтушісіне төленеді. Жәрдемақы мөлшері күнкөріс деңгейінің 1,4 есесі яғни биыл 48023 т болса 2022 жылда 50426 т.                                            

Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы: бір балаға – 30976 т, екі балаға - 53667 т, үш балаға - 66634 т, төрт балаға - 70596 т, бес балаға - 73117 т, алты және одан жоғары балаға - 75998 т. Тұлдыр жетім бір балаға - 42502 т, екі балаға - 85003 т, үш балаға - 127504 т, төрт балаға - 170005 т. Тағы бір жаналық бұрын жәрдемақы алушы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының екі түрі тиесілі болғанымен тек бір ғана жәрдемақы алуға құқылы болса енді жоғарыда аталған Заңға сәйкес екі түрін алуға да құқылы. Яғни асыраушысы қайтыс болған алушының асырауындағы баласы мүгедек деп танылып, тек қана мүгедектік жәрдемақы алып отырса енді асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы да тағайындалып төленеді. 

Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы: төрт балаға дейін -116394 т, төрт және одан да жоғары бала туғанда – 192969 т. Бір жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға - 17643т, екінші балаға- 20860 т, үшінші балаға - 24045 т, төртінші және одан да жоғары балаға - 27261 т. Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. 4 баласы бар отбасыларға 49100 т, 5 баласы бар отбасыларға -61383т, 6 баласы бар отбасыларға -73666т, 7 баласы бар отбасыларға - 85948т, 8 баласы бар отбасыларға - 98018т, 9 баласы бар отбасыларға – 110268 т.

Айта кететін жәйіт көп балалы аналарға (Алтын, Күміс алқа, Батыр ана, 1,2 дәрежелі Ана даңқы орден иегерлеріне) – 19604т төленеді. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер 5% -ға артырылады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 260 рет