Шымкент: төтенше жағдай кезінде мүгедектер бұрын белгіленген топ бойынша жәрдемақы алады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта куәландыру мерзімі 2020 жылғы 15 ақпаннан кейін келген барлық азаматтарға мүгедектік мерзімін төтенше жағдай кезеңіне автоматты түрде ұзартты.

Түркістан: Отырарлықтар Рамазан айында игі істің басынан табылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев төтенше жағдайға байланысты «БізБіргеміз» қорын құрып, еліміздегі жаны жайсаң, жомарт жандарды қайырымдылыққа шақырып, сын сағаттарында елмен бірге болуды үндеген.

Ұласбек Сәдібекұлы аса қажетті азық-түлік тауарларын тұтынушыларға шекті бағадан асырмай сатуды ескертті

Сайрам ауданындағы 10 базар толығымен жабылып, қазір тек «Иман» ЖШС-і базары мен «Арзан» маркеті азық-түлікті жеткізу қызметімен айналысуда. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков және ауданның бас полицейі Бауыржан Зиятаев сауда орындарын аралап, азық-түлік қоры мен баға тұрақтылығына және ондағы төтенше жағдай талабына сай тәртіп пен тазалықтың сақталуына көз жеткізді.

Түркістан: Төлеби ауданында тоғыз тұрғын үй тұрғызылады

Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жылдан жылға қарқын алып келеді. Мәселен, Төлеби ауданында соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 5 қабаттан тұратын 10 тұрғын үй бой көтеріп, бас-аяғы 540 пәтер пайдалануға берілген. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Түркістан: Сайрам ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті

Сайрам аудандық кәсіпкерлік бөлімінің 24 сәуір күнгі мәліметіне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар 32 азық-түлік тауар түрі бойынша 12906 тонна қор бар. Аудан халқының бір айлық қажеттілігі 8605,4 тоннаны құраса, бұл дегеніміз аудандағы азық-түлік қоры 1,5 айға жетеді деген сөз.