Жексенбі, 11 Қараша 2018 17:08

Түркістан облысы: Отырарда қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті

Кеңес мүшелері аудан орталығына шалғайда орналасқан ауылдық округтерге арнайы барып, елдімекен әкімдерінің есебін тыңдады.Ауыл шаруашылығын дамыту, табыс көлемін ұлғайту, салық түсімін арттыру мәселелеріне егжей-тегжейлі мән берген комиссия мүшелері алдағы жоспарлар жөнінде де ой бөлісті. 

Ауылдық округтердің жұмыс қарқынында оң серпілістер бар. Мәселен, Аққұм ауыл округінде 4301 гектар жерге түрлі дақылдар егілген. Ауылдық округте ірі қара және қой саны жыл санап арта бастаған. Мал азығының мол қорын жинаған. Ал, халқы ең тығыз қоныстанған Көксарай ауыл округінде мал басының барлық түрінен өсім артты. «Сыбаға» бағдарламасы - 100 пайыз, «Құлан» - 105 пайыз, «Алтын асық» 101 пайызға артығымен орындалған. Ал, Балтакөл ауыл округінде салық түсімдерінің барлық түрлерінен жоспар артығымен жиналған. Өткен жылмен салыстырғанда 366 гектар суармалы жерді айналымға енгізіп, егіс көлемі 110 пайызға артқан. Өз кезегінде қоғамдық кеңес мүшелері ауылдық жерлерде мал бордақылау алаңдарының жұмысын жандандыру бойынша ұсыныс білдірді.  Жұмыстар мен алдағы атқарылуы тиіс істерге тоқталып, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелерінің белсенділігіне алғысын білдіріп, ұсыныс-пікірлер ауылдық округ басшылары тарапынан ескерілетінін жеткізді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 796 рет