Жексенбі, 23 Маусым 2019 16:51

Түркістан: Бәйдібек ауданында тұрғындардың цифрлық-компьютерлік сауатын арттыру бойынша оқулар өткізілді

Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап, Бәйдібек ауданындағы дайындалған 17 оқу базасында, яғни, мектептерде оқытулар өткізілді.

Оқыту жүргізу жұмыстары туралы, ондағы көтерілген мәселелер Электронды үкімет, Ашық үкімет, Телеграмм бот, Электронды сауда мәселелері жөнінде арнайы тренерлер курстарынан өткен аудандағы жалпы білім беретін мектептердегі 14 информатика пәнінің мұғалімдері (менторлар) слайдтар, видеороликтер көрсету және E-gov порталына кіру арқылы түсіндіру, үйрету жұмыстарын жүргізді.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстаннның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауына сәйкес «Цифрлық Қазақстан» мемлекттік бағдарламасының «Адами капиталды дамыту» бағыты аясында Бәйдібек ауданындағы елді мекендерде ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында тұрғындардың цифрлық-компьютерлік сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау) мақсатында «Базалық», «Электронды үкімет», «Ашық үкімет», «Е-коммерция», мобильді қосымшалар «Telegram bot» арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алу бағыттары бойынша оқыту курстарының кестесі бекітілген болатын.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 576 рет