Жексенбі, 23 Маусым 2019 17:03

Түркістан: Шардарада мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай Шардара аудандық Мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Болатбек Қыстауов құттықтау сөз сөйлеп, қос мерекенің мән-маңызына тоқталды. 

Сондай-ақ, Болатбек Дүйсенбекұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосып келе жатқан бір топ мемлекеттік қызметшілер мен ішкі істер саласының қызметкерлеріне «Алғыс хаттар» тапсырды. Атап айтар болсақ, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Серік Қошалиев, қала әкімі аппаратының бас маманы Нұрмұхаммед Байырбек, Көксу ауылдық округі әкімі аппаратыынң бас маманы Тоты Мұса, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жеңіс Балатаев, Жаушықұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әйгерім Момбекова, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлан Жәлменов пен осы бөлімнің қызметткерлері Марат Абдуллаев, Нұрғиса Ахмет, Сәкен Оспанов, Мұхтар Боранбаев, Досан Қамшыбеков есімді азаматтар аудан әкімінің марапатына ие болды. 

Қос мерекемен құттықтаған аудандық мәслихаттың хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев те бір топ полиция қызметкерлеріне «Алғыс хаттар» табыс етті. Серік Әбжаппаров, Бекжан Нұрпейісов, Роза Жұмаділлаева, Серік Естаев, Асқар Қазыбеков, Ердос Асанов, Мұхитбек Батыршаев, Дамир Қоғабаев есімді үздік нәтиже көрсетіп жүрген полиция қызметкерлері аудандық мәслихат хатшысының «Алғыс хаттарын» иеленді. Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Оқылды 787 рет