Жексенбі, 23 Маусым 2019 18:08

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында 23-маусым мемлекеттік қызметшілер күніне арналған іс-шара өтті

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде 23-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара барысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы С.Тасқұлов қатысты.

С.Тасқұлов Сарыағаш ауданындағы барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, «Үздік мемлекеттік қызметші» атты мемлекеттік қызметшілердің шығармашылық байқауының жеңімпаздарын, сондай-ақ, «кіші футоблдан» ұйымдастырылған жарыстың жеңімпаздарын арнайы диплом, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Мемлекеттік қызмет саласына елеулі еңбек сіңіріп жүрген, мемлекеттік қызметтің беделін көтеріп, өзінің білімімен және біліктілігімен көзге түскен бірнеше мемлекеттік қызметкерге аудан әкімдігінің атынан арнайы «Алғыс хат» табысталды.
Іс-шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапқанын айта кетейік. Мемлекет және қоғам мүддесі жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтардың кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты шара жас мамандардың кейінгі жұмыстарына зор серпін берері сөзсіз.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 654 рет