Жексенбі, 23 Маусым 2019 18:56

Түркістан: Мақтааралды дамытуға ерекше мән берілуде

Мақтаралда алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың елу екінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2018 жылы атқарылған жұмыстардың есебі талқыланды. Кенттер мен ауылдық округтердің 2019-2021 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселелер де қаралды. Мырзакент кентінде өткен басқосуда 2018 жылғы бюджеттің есебін аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков баяндады.

«2018 жылдың бюджеті Мақтаарал ауданы бойынша өте сапалы деңгейде орындалды деген Түркістан облысының тексеру комиссиясы баға берді. Жалпы 2018 жылдың бюджеті Мақтаарал ауданында өзіндік кірістері бойынша 103/6 пайызға,  яғни 53 миллион артығымен орындалса, шығыс бөлігі 46 миллирдты құрап 99\9 пайызға яғни    12миллион үнемделген есебімен толығымен өте сапалы орындап шықты» - деді ол. Ал, биылғы жылы облыстық бюджеттен ауданға  800 миллион теңге бөлінген. Сессия барысында бұл қаржының біраз бөлігін Мырзакент кентін абаттандыруға жұмсау туралы шешім қабылданды. Өз кезегінде мәслихат депутаттары  жақында сайланған кент әкімі Мамыр Бейсенбаевқа әрбір істі қатаң бақылауға алып, нақты нәтижелерге қол жеткізуді тапсырды. 

Бейсенбай Төребеков – Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары: «Облыс әкімінің қолдауымен бөлінген 800 миллионның жұмыстары қазір біздің Мақтаарал ауданында басталып кетті. Мына Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі абаттандыру жұмыстары, Қожанов көшесінің абаттандыру жұмыстары және сонымен бірге мемлекеттік тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан Мәди Ходжаевтің абаттандыру жұмыстары жақын ортада басталайын деп отыр.Сонымен бірге, аудан орталығы Мырзакент кентіндегі кітапхананың күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті».

Басқосуда 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы шешіміне өзгерістер енгізу, кенттер мен ауылдардың әлеуметтік жағдайы, мәдениет спорт саласы және тұрғындардың жан жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. Мақтарал өңірінің дамуына қосқан үлесі үшін  мәслихат хатшысы Қадір Сәрсекбаев депутат Алданияз Жолдасов пен Берік Шәрпиевтер «Ерен еңбегі үшін»  медалімен марапатталды. 

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 603 рет