Штабтың кезекті отырыснда қалада төтенше жағдай талаптарының орындалу деңгейі қатаң бақылауда екені аталып өтті. Ол үшін мобильді топтар жұмыс жүргізуде. Дегенмен, спорт және балалар ойын алаңшаларында жасөскіндердің ойын ойнап, ара-қашықтықты сақтамау жайттары тексеріс барысында белгілі болатыны тілке тиек етті.
⠀Сондай-ақ, базар аумағында ұялы телефон сататын дүкенінің есігін ашқан иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Алдымен, адам денсаулығының қымбат екендігі айтылып, сондықтан азық-түліктен басқасы уақытша жабылатындығы ескертілді.
⠀Штаб отырысында талқыланған тағы бір басты сұрақтарың бңрң- блок-бекеттердегі жағдайлар. Соның ішінде, өзге шаһар тұрғындарының түрлі жолдармен Түркістанға заңсыз, тексеріссіз өтуі анықталған. Бұл тұста, сақтық шараларын жандандырып, бақылау-өткізу бекетін қатаң қадағалау керектігі ескертілді.
⠀Ал, қаланы дезинфекциялау ауа-райы қолайсыздығына байланысты тоқтап тұр. Жауын-шашын басыла, алдымен, азық-түлік қатарларын залалсыздандыру жалғасатын болады
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.