Жұма, 02 Қазан 2020 18:54

Қала әкімінің тұрғындармен онлайн қабылдауы өтті

Шымкент қаласы әкімінің тұрғындармен кезекті онлайн қабылдауы өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қашықтықтан кезекті қабылдауын өткізді. Бұл жолы шымкенттіктер несие алу, қоғамдық көлік пен ауыз су және газ мәселесін айтса, енді бірі көшеге асфальт төсеу, сапалы интернет желісімен қамту, көшеге атау беру туралы мәселелерін көтерді.

Барша азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған қала басшысы айтылған мәселелер рет-ретімен қолданыстағы заң аясында шешілетінін алға тартты. Сондай-ақ, әкім халықтың тұрмыс сапасын арттыру және коммуналдық мәселелерді шешу жұмыстары Шымкент қаласы әкімдігінің негізгі жұмыстарының бірі екенін жеткізді.

Мұрат Әйтеновтің қабылдауында болған азаматтардың жеке мәселелері тиісті сала басшыларына тапсырылып, бақылауға қойылды.

Онлайн қабылдауға келген барлық тұрғынның мәселесі жеке талқыланып, қала әкімі өз бақылауына алғанын айтты.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 475 рет