Сенбі, 03 Қазан 2020 09:23

Шымкент қаласының әкімі өз таңдауын жасады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов Қаратау ауданында орналасқан 27 дауыс беру учаскесінде болып, праймеризге қатысушыларға дауыс берді. Өз таңдауын жасаған қала басшысы партияластарын белсенді түрде дауыс беруге шақырды.

-Праймериздің мақсаты арамыздан қабілетті, білімді, шынайы көшбасшыларды табу. Бұл саяси додаға кәсіпкерлер, құрылысшылар, медицина мамандары, мұғалімдер, жалынды жастар, көпбалалы аналарға дейін қатысып жатыр. Мен толығымен праймеризге қатысушылардың бағдарламаларымен таныстым. Көптеген ұсыныстар партия филиалы сайлауалды бағдарламасына енгізіледі. Мен учаскіге келіп, дауыс беруді жөн деп санадым. Бүгін мен өзінің ойын, пікірін халыққа дұрыс жеткізе алатын, қабілеті бар кісіге дауыс бердім, — деді қала басшысы.

Қаламызда жалпы 185 үміткер праймеризге қатысушы болып тіркелген болса, соның ішінде 151 кандидат додаға қатысуда. Қалған 22 үміткер түрлі жағдайларға байланысты сайыстан шыққан.

Шымкентте партия мүшелері саны 35197, БПҰ 47, білім саласында 10658 мүше, денсаулықта 4663, кәсіпкерлік саласында 864, құрылыс саласында 1317 мүше бар.

Бүгін «Nur Otan» партиясының праймеризі бойынша дауыс берудің үшінші күні. Осыған орай бастауыш партия ұйымдарының базасында дауыс беру учаскелері ашылған. Қалада осындай 33 учаске жұмыс істеп тұр. Олардың барлығында санитарлық нормалар сақталып, дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасалған.

Бүгін сағат 10-00-дегі жағдай бойынша Шымкент қаласында 23 541 адам партиялық кадрлық резервіне кандидаттарға дауыс беріп үлгерген. Дауыс беру учаскелерінде дауысты бүгін сағат 14:00-ге дейін беруге болады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 389 рет