Сәрсенбі, 21 Қазан 2020 17:33

Өмірзақ Шөкеев: Жемқорлықпен күрес нәтижелі

Жемқорлықпен күреске ерекше назар аударылған Түркістан облысында оны жүгендеуге қатысты жұмыстың жүйелі сипатқа ие болғанын көрсетті.

Мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығы мен жариялылығы да нәтижелі. Жылма-жыл азайып келетін жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі қанаққақты жобалар өз жемісін беруде.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Жиынға құқық қорғау органдары мен облыстық басқармалардың басшылары және онлайн режимінде қала, аудан әкімдері қатысты. Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық жаңашылдықтар таныстырылып, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментімен биылғы жылдың 9 айында 9 мекемеде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың нәтижелері ортаға салынды.           

«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында облысқа қарасты әкімдіктер жаңа жұмыс үлгісіне көшті. Өңір тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді  сапалы, жедел және кедергісіз алуына мүмкіндік беретін «сервистік әкімдіктер» ашылуда. Шешу жолында өз үлесі мен үнін қосуға берілген мүмкіндеп қарауға болады.

Өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы заңмен бекітілген өзгерістердің маңыздылығы мен ашықтық принципі арқылы халыққа қолайлы қызмет көрсетуге айрықша басымдық беру қажеттігін баса айтты.

«Өзіне сенімді адам ғана ешнәрсе жасырмайды. Дұрысты – дұрыс, бұрысты – бұрыс деу үшін ақиқат пен ашықтық қажет. Түркістан өңіріне қатысты жағымсыз, жалпы түсініктен арылуымыз керек. Керісінше, біз еліміз бойынша жемқорлықпен ұдайы күресіп, оны анықтап, алдын алудан алдыңғы қатардамыз. Жемқорлықпен пәрменді күрес нәтижелі. Бұл бағыттағы жұмыс күшейеді. Қылмыстың ашылуына ымырасыздық пен ашықтық әсер етеді»,-деді Өмірзақ Шөкеев.

Жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай 9 ай ішінде Департаментпен жүргізілген ішінара талдаудың нәтижесінде мемлекеттік органдардың қызметінде нормативтік құқықтық актілер мен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі бірқатар жайттарды жария етті. Атап айтсақ, мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға тұрғынжай беруде кезектілікті сақтамауы мен мемлекеттік АӘК тағайындауда туындайтыны анықталып, соған сәйкес тәуекелдерді жою мақсатында жолданған  73 ұсыныстың 58-і орындалғанын атап өтті.    

Комиссия отырысында Түркістан облысының ІІД бастығы Қайрат Дәлбеков ішкі істер саласындағы атқарылған жұмыстарды баяндады. Құқықбұзушылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесуде «Тұрақты арнайы мобильді топ» тосыннан тексеру жұмыстарын күшейткен.  Сондай-ақ қосымша тәлімгерлер кеңесі, офицерлік және әйелдер кеңесі  жұмыс істеуде.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 468 рет