Сәрсенбі, 25 Қараша 2020 22:26

Түркістан: Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында семинар-кеңес өтті

Түркістанда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында семинар кеңес өтті. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Жәнібек Наушабайұлының төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық жағдайларының алдын-алу мақсатында семинар-кеңес өткізілді. Семинарға қала әкімі аппаратының және дербес бөлімдердің жауапты тұлғалары қатысты.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Гүлмира Төлегенқызы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бағытында, сондай-ақ заңнамаларға енгізілген өзгерістер жайында сөз қозғап, жемқорлық фактілері бойынша арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетті.

Сонымен қатар, семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Нартай Шынтаев мемлекеттік қызметшілердің мәліметтері мен мемлекеттік органдарда қызметшілерге қатысты қабылданған шешімдер енгізілу тиіс «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс жүргізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 344 рет