Сенбі, 05 Желтоқсан 2020 20:08

Түркістан: «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің» басшысы тікелей эфирге шықты

Түркістан қаласы әкімдігінің "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің" басшысы Байдулла Оразбеков тікелей эфирде орташа жол жөндеу жұмыстары барысын баяндады.

Тікелей эфир @turkistan_qalasy_akimdigi (Instagram) және Түркістан қаласы әкімдігі (Facebook) парақшалары арқылы жүргізілді.

Мәліметке сәйкес, биылғы жылы бөлім жоспарында қаланың 106, 3 шақырымын құрайтын 81 көшені жөндеу қарастырылған. Қазіргі таңда жоспар толық орындалып, инфрақұрылымы біткен- 81 көшеде асфальт жабындысы төселген. Жалпы, қалада 845 шақырымнан тұратын 875 көше бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда қаланың асфальт төселген көшелері - 11,9 пайызға өскен. Яғни, 845 шақырымның 301 шақырымы асфальттан тұрады. Сонымен қатар, "Ақсемсер-Стройсервис" ЖШС тарапынан Түркістан қаласының 123 көшесінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, 103 көше толық жарықпен қамтылды. 

Онлайн жүздесу кері байланыспен жалғасып, бірнеше сауалдар қойылды.

Сұрақтар легі қаланың асфальт төселмеген, топырақты көшелері жайында болды. Бөлім басшысы өз кезегінде, қала аймақтарында инфрақұрылым жұмыстары жасалып жатқанына байланысты асфальт төсеу әзірге жүргізілмейтінін түсіндіріп, алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жасалынатынын айтты.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 1281 рет