Сенбі, 20 Ақпан 2021 20:41

Түркістанда қоғамдық қабылдау өтті

«Nur Otan” партиясының Түркістан облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өтті.

Қабылдауды Түркістан облысы мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев және «Nur Otan” партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Бейсен Тәжібаев жүргізді. Онлайн және офлайн өткен қабылдауға Түркістан қаласынан ғана емес, облыстың өзге аудандарынан да тұрғындар келіп, талап-арыздарын жеткізді.

Айтылған өтініштердің көбі жеке бастың мәселесі емес, қоғамның немесе бүтін бір ауылдың проблемасы. Халық қалаулылары айтылған өтініштердің бірін жыл басында-ақ жоспарға енгізсе, енді бірі алдағы уақытта орындалатынын жеткізді. Мәселен, Мақтаарал ауданынан келген тұрғын ауыл-аймақтарда ескерткіштер орнатылып, мәдениетін дамытуға қолдау көрсетуді сұрайды. Сонымен қатар, бірнеше тұрғынның мәселесін сол мезетте жауапты мамандарға хабарласу нәтижесінде, шешімін тапты.

Бір сағатқа созылған қабылдауға 20-ға жуық тұрғын келді. Тікелей эфир арқылы қойылған сұрақтар да біршама. Облыстық мәслихат депутаты Бейсен Тәжібаевтің айтуынша тұрғындардан түсетін арыздардың көбеюінің себебі — халықтың «Nur Otan” партиясына деген сенімінің артуы.
Айта кетейік, өткен жылы Отандық партияға 38 300 өтініш пен арыз-шағым түскен. Оның 60 пайызы шешілген болса, қалғаны құзырлы органдарға жолданған.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 339 рет