Сенбі, 20 Ақпан 2021 22:20

Ө.Шөкеевтің есептік жиынын 100 мыңға жуық адам тамашалады

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің есептік кездесуі Түркістан облысы әкімдігінің YouTube каналы мен ресми сайтында және Facebook-парақшасында онлайн режимде көрсетілді.

Тікелей эфирді 100 мыңға жуық адам тамашалады. Әлеуметтік желіде байланысқа қосылған 20 мыңнан астам көрермен куә болды. Түркістан облысы әкімдігінің YouTube каналын бір мезетте 5 мыңға жуық азамат тамашалады. 3 мыңдай хат түсті.

Бұдан өзге, тұрғындар облыс әкіміне тікелей сауал қойды. Шара барысында карантин талаптары толық сақталды. Барлық аудан, қалалардың тұрғындарына облыс әкіміне тікелей ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сауалдарын қою мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Интерактивті онлайн-режимде қосылған халықтың өтінім-ұсыныстарына заң аясында жауап беріледі.

Түркістандықтар жолдардың жаңаруы мен ауылды жерлерді мекен еткен тұрғындардың сапалы ауыз су мен табиғи газбен қамтылуы жайлы сұрады. Медицина, мәдениет пен туризм саласының дамуына қатысты сауалдарын қойды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайлар мен Мақтаарал апатының қысқа мерзімде қалпына келтірілуіне алғыстарын жеткізді. Халқымыздың біртұтас ел екендігін дәлелдеген оқиғаны еске алған облыс басшысы, апаттың салдарын жоюға атсалысқан барша халыққа алғысын айтты.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 380 рет