Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 21:19

Жетісай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Жетісай аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы кезектен тыс III сессиясы өтті.

Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

 Сессияға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық мәслихат хатшысы Әлихан Утанов, мәслихат сессиясының төрағасы Х. Кожбанова, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары, аудандық БАҚ саласының өкілдері қатысты.

Маңызы көп жиынның күн тәртібінде жалпы 3 мәселе қаралды. Атап айтатын болсақ:

- бірінші қаралған мәселе  - 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы;

- екінші мәселе -  Жетісай ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы;

- үшінші мәселе - Жекелеген ауылдардың атауын өзгертуге ұсыныс беру туралы;

Сондай-ақ,  Жетісай ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы да сөз қозғалды.

Сессия барысында Жетісай ауданы бойынша байланысты жақсарту, тік дренаждар мәселесін түбегейлі шешу, секілді мәселелер жан-жақты талқыланды. 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

Оқылды 447 рет