Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 21:28

Бәйдібек: Аудандық маслихаттың депутаттары халықтың мәселелерін шешуге кірісті

Бәйдібек аудандық маслихаттың депутаттары халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін шешуге кірісті. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Еске сала кетсек, өткен аптада аудандық мәслихаттың депутаттары Асқар Кенехан, Дәуір Ахатаев және Жанар Бауыржанқызы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шыбыт елді мекеніндегі Сармановтардың отбасында болған еді. Сармановтар отбасының отағасы бірінші топ, ал әйелі екінші топ мүгедек. Оларға арнайы күтуші тағайындалған.

Жаңадан сайланған мәслихат депутаттары Сармановтар отбасының тұрмыс жағдайымен толық танысқаннан кейін тұрғын үйіне бірінші кезекте газын кіргізіп беруді уәде еткен болатын. Бүгін депутаттар іске кірісіп, Жеңісбек Аманбекұлының тұрғын үйіне газ құбырын кіргізу жұмыстарын бастады. Сонымен қатар үйдің ішін жылытатын газ пешін сыйға тарту етті.

Сондай-ақ халық қалаулылары ауа райы жылығаннан кейін демеушілер есебінен Жеңісбек Аманбекұлының  тұрғын үйінің іші-сыртына жөндеу жұмыстарын жүргізіп беретіндерін айтты.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 372 рет