Бейсенбі, 10 Маусым 2021 12:03

Қала әкімі Бадам өзені аумағын абаттандыру жұмысы барысымен танысты

Шымкен қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Бадам өзені аумағын абаттандыру жұмыс барысымен танысты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкент қаласында мұнай өңдеу зауытынан Забадам шағын ауданына дейінгі «Бадам» өзенінің бойын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аумақтағы құрылыс жұмыс барысымен танысты.

Нысан құрылысы 2 кезең бойынша жүргізілуде. 1 кезеңге сәйкес 3 шақырым аумақ жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген. Екінші кезеңде жобаға сәйкес абаттандыру жұмыстарының ұзындығы 6,7 шақырымды құрайды. Бас мердігер - «СтройСервис-7» ЖШС.

Шаһар басшысы сала басшыларымен бірге Бас мердігермен жолығып, туындаған мәселелерін тыңдады. Нысан құрылысын сапалы және жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, «Бадам аллеясының» құрылысы да қарқынды  жүріп жатыр.  Аллея Бадам өзенінің «Қазығұрт» елді мекеніндегі (бұрынғы Карл Маркс бөлігі) бөлігі аумағынан салынады.

Нысан құрылысы ел егемендігінің 30 жылдығына тарту ретінде жеке инвестордың есебінен жүргізіледі. Аллея 4 негіз бойынша бой көтереді. Атап айтқанда жалпы аумағы — 20х24 шаршы метр болатын спорт алаңшасы пайда болады. Сонымен қатар 2 гектар аумақта «Ғашықтар» аллеясы салынады. Бұдан бөлек, Бадам өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, демалыс аумағына айналады. Оның ұзындығы 4 шақырымды қамтиды. Сондай-ақ, «Балалар» алаңшасы да қамтамасыз етіледі.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 1033 рет