Бейсенбі, 10 Маусым 2021 06:41

Шымкент: Конвенция шеңберінде кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы» деп жариялады.

Осыған байланысты «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері жоспарға сәйкес «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында филиалдың құрамына кірген Шымкент қаласы әкімдігінің «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымына барып жұмыскерлердің қал-жағдайымен танысып, Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) конвенциясы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында 2021 жылдың 25 маусымында ХЕҰ-ның «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымшылықты жою туралы» №190 конвенциясы күшіне енетіні, Халықаралық Кәсіподақтар Конфедерациясы осы іс-шара аясында «Іс-қимыл апталығын» жариялағанын, 25 маусымға дейін іс-шаралар, зорлық-зомбылық пен қысымшылықтан азат еңбек әлемі үщін кәсіподақ күресі бойынша ақпараттық науқандар өткізіп жатқанын және бүгінгі Орталықтағы кездесудің күн тәртібіндегі мәселенің бірі - осы конвенция жөнінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы ХЕҰ-ның №190 Конвенция қағидаларын өткізу науқанына қатысуға ниет білдіргені хабарланды.

Қорытынды жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов орталықтың жұмыс берушісін және жұмыскерлерін, жалпы 5 адамды марапаттады.

Атап айтқанда: Филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласы әкімдігінің «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің басшысы Ешенқұлов Нұрғали Илгербайұлы, Филиалдың «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласы әкімдігінің «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің бақылаушы санитары Юсунбаев Фарход Байбалаевич және Шымкент қаласы әкімдігінің «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің диеталық тамақ жөніндегі мейірбикесі Феклистова Ирина Владимровна, Филиалдың «Алғыс хатымен» Шымкент қаласы әкімдігінің «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің мемлекеттік сатып алу менеджері Жумашев Малик Сатыбалдиевич және Шымкент қаласы әкімдігінің «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің киім және іш киім жуатын машинисті Аскарова Рамиля Нургалиевна марапатталды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 1046 рет