ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЦИЯНЫҢ «ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫ» МЕН ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының орталығы жаңа ғимараттармен толықты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Еркін Ботақанов пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысының полиция департаментінде болып, «қызмет орталығының» ашылу салтанатына қатысты.

Шымкентте базарларды модернизациялау, ретсіз саудамен күрес шаралары пысықталды

Бүгін қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтің төрағалығымен өткен жиында базарларды модернизациялау, ретсіз және заңсыз саудамен күрес мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан: Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды

Түркістан облысында ұзындығы 152 км болатын Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов телекөпір режимінде жұмыстарды ресми түрде бастап берді. Маңызды іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, теміржол саласының өкілдері қатысты.

Түркістан: төрт аудандағы әкім сайлауының қорытындысы шықты

Түркістан облысындағы 4 ауданда: Созақ, Мақтаарал, Шардара және Бәйдібек аудандарында әкім сайлауы өтті. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаев 2023 жылдың 5 қарашасында пилоттық режимде өткен 4 аудан әкімінің сайлау қорытындысы бойынша есеп берді.

Түркістан: Дархан Сатыбалды Сауран ауданында «Ауыл аманаты» жобасын жандандыруды тапсырды

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылды. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына іссапарында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.