Сауран ауданы: Шорнақта Рәміздер алаңы салынады
Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекенінің 1,0 гектар аумағына Рәміздер алаңын салу жоспарлануда. Әкімшілік іскерлік аумақта орналасатын алаңда 25 метр биіктіктегі көк туымыз орналасады.
Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекенінің 1,0 гектар аумағына Рәміздер алаңын салу жоспарлануда. Әкімшілік іскерлік аумақта орналасатын алаңда 25 метр биіктіктегі көк туымыз орналасады.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысанды аралады. Облыстық маңызы бар КХ-190 «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолын қайта құру құрылысымен танысып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады.
Таяуда аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигон орындары, көктем мезгіліндегі көшет егу жоспары мен елді мекендердегі тазалық жұмыстары, азаматтарды әскер қатарына жолдау, Жеңіс және Бөген ауылдық округтеріндегі нысандардың қас-келбеттерін ретке келтіру және көктемгі көшет егу шаралары бойынша жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы мәселелер қаралды.
15 наурыз – Қайырымдылық күні
Қарттар үйі, балалар үйі мен көпбалалы отбасыларға арнайы мерекемен құттықтау іс-шарасы өткізіледі және ауызашар беріледі.
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар насихатталып көрсетілетін музыкалық-театрландырылған қойылым болады.
Өтетін орны: «Наурыз» алаңы
17 наурыз – Шаңырақ күні
Перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің ата-аналарына «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйлары табысталады.
18 наурыз – Ұлттық киім кию күні
«Ең үздік балалар мен жасөспірімдердің киім үлгісі», «Ең үздік күнделікті киім үлгісі», «Ең үздік жұмыс киім үлгісі» атты ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы өтеді.
Өтетін орны: «Көрме» орталығы
19 наурыз – Жаңару күні
Қаланың саябақтарында көктемгі ағаш егу дәстүрі қолға алынады.
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Иппадромда ұлттық спорт ойындарынан жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталады.
21 наурыз – Ынтымақ күні
Зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтайды.
22 наурыз – Жыл басы
«Армысың, әз-Наурыз!» атты сахна өнеріндегі этникалық және заманауи үрдістерді үйлестіретін музыкалық театрландырылған қойылым болады.
Өтетін орны: «Астана» алаңы
23 наурыз – Тазару күні
Қаланың көрікті жерлері мен саябақтарын мерекеден кейінгі қалдық заттардан тазалау үшін жалпыұлттық сенбілік өтеді.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров «Қамқорлық» орталығында ауданның белсенді, өнерлі, спортшы жастарымен кездесіп, пікір алмасты.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Отырар ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, аудан жастарымен кездесті. Кездесу барысында сайлау комиссиясының жұмыс жоспарымен таныстырып, елімізде өтіп жатқан сайлауларды әділ және ашық өткізу жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.
Ынтымақтастық пен ізгілікке, татулық пен бірлікке бастайтын бұл күні қалада «Алғыс айту – асыл қасиет» атауымен түрлі форматта мерекелік шаралар өтуде, ө деп хабарлайды Шымкент қаласының баспасөз қызметі.
Сауран ауданы бойынша ұлттық құндылықтарды насихаттау, этносаралық татулық пен тұрақтылықты сақтау, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, түрлі діни ағымдардан сақтандыру мақсатында ақпараттық-түсіндірме топ өкілдерімен Ораңғай елді мекенінде М.Әуезов жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен, Сауран аудандық "Спорт клубы" КММ мен, ауыл тұрғындарымен кездесу болып өтті.