Түркістан облысы: кадрлық резервке іріктеу жұмыстары жалғасуда

Елбасы, төрағасы Н.Назарбаевтың 2019 жылғы 21 тамыздағы «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған «Сенім, Диалог, Болашаққа нық қадам» атты партияның 7 серпінді бағдарламасына сәйкес, еліміз бойынша қолға алынған пилоттық жобаны өткізуге Түркістан облысынан Түлкібас ауданы таңдалып алынған болатын.

Түркістан: «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеу ережесі түсіндірілді

Түркістан облысы Түлкібас ауданы «Nur Otan» партиясы филиалында «Партия кадрлық резервіне іріктеу» тақырыбында брифинг өтті. Брифингте аудандық партия филиал төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Нұранов партияның кадрлық резервіне іріктеуге қатысуға өтініштер беру және партияның ядролық электоратын қалыптастыру ережелерімен таныстырды.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына ерекше назар аударған болатын. Ондағы басты мақсатхалықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. 

Түркістан облысында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

Түрлі түйіткілдерімен келген тұрғындар аймақ басшылығына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алды. Республика бойынша өткен бірыңғай азаматтарды қабылдау күніне келген облыс тұрғындарының басым бөлігі жеке басының уәжімен келді. Сондай-ақ әлеуметтік, көлік, туризм, спорт, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым салалары бойынша бірқатар өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. 

Түркістан облысы: Келес ауданында 53 адам өз мәселелерін айта келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. 

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

Бүгін аудан әкімі М.Отаршиев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген аудан тұрғындарының басым бөлігі жеке басының мәселелерімен келген. Сондай-ақ әлеуметтік көмек, ауызсу, табиғи газ, жер және жол салалары бойынша бірқатар өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. 

Түркістан облысы: Шардара ауданында «Менің туым – менің отаным!» акциясы ұйымдастырылды

 «Менің туым – менің Отаным!» акциясына шардаралықтар да қолдау білдірді. Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен шараға аймақтың белсенді жастары қатысты. Барша тұрғындарды патриоттыққа, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырған іс-шарада ұлттық құндылықтармыз дәріптелді. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында көпбалалы аналар баспанамен қамтылады

Барлық деңгейдегі әкімдердің Республикалық бірыңғай қоғамдық қабылдауы кезінде Жетісай ауданының әкімі Бейсенбаев Жамантай Қанайұлы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қала, кент және ауылдық округтерден келген азаматтар аудан басшысына ауыз су, жол, тазалық, электр жарығы мен тұрғын үй мәселелерін айтып, аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорттық алаңшалар салу үшін жер учаскелерін алу мәселелерін көтерді.