Дүйсенбі, 20 Маусым 2022 15:11

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкентте 19 маусым – Қала күні мерекесі тойланды. Кешкі гала-концерттен соң қаланың барлық 4 ауданында да тазалық жұмыстары жүргізілді.  

Атап айтар болсақ, Әл-Фараби алаңына және Асқаров көшесінің Республика даңғылына дейінгі бөлігіне көлік қозғалысына қойылған уақытша шектеу 00.30-дан кейін қайта ашылды. 

Әл-Фараби ауданы аумағында тазалық жұмыстары қарқын алды. Басты көшелер мен аялдамаларға механикалық жуу және қолмен тазарту жұмыстары жүргізілді. 

Атап айтсақ, А.Байтұрсынов көшесі, Тәуке хан даңғылы, Түркістан, Б.Момышұлы және Желтоқсан көшелері сұйық сабынмен жуылуда. 

Аялдамаларда тазалық жұмыстарымен бірге ілінген заңсыз жарнамалар алып тасталынды. Сондай-ақ, автобус бекеттерінің айналасы сыпырылып, қоқыс жәшіктері жуылды.

Аталған жұмыстарға 12 техника мен 50 жұмысшы тартылды

Ал Абай ауданы умағында санитарлық тазалық, шөп ору жұмыстары қарқын алды.

Бүгінде  ауданда мердігер мекеме тарапынан негізгі көшелер мен ішкі орамдық көшелердің және аулалардың санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 5:00-ден бастап жүргізілуде. 

Орталық көшелердегі қоқыс алаңдары күнделікті, ішкі орамық көшелер аптасына бір рет тазаланады. 

Тазалық жұмыстарына мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС тарапынан 300-ге жуық жұмысшы мен 120 техника жұмылдырылған. 

Сонымен қатар, шөп ору жұмыстарына 4 бригада 45 қызметкер, 35 мотокосилка және газон ору жұмыстарына 5 бригада 30 адам 20 техника  жұмылдырылған. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында.

Қала тазалығын тұрақты бақылауда ұстау жөніндегі қала басшысы М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағында тазалық жұмыстары күнделікті бекітілген кестеге сәйкес орындалуда. 

Ауданның санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын «Жасыл жер» ЖШС тарапынан жолдарды, аялдамаларды,  арықтарды тазалау жұмыстары тұрақты атқарылып келеді.

Бүгінде ауданда орталық көшелер мен ішкі орамдық жолдарға механикалық тазалау жүргізіліп, аялдамаларды жуу жұмыстары жүйелі өткізілді.

Жоспарлы санитарлық тазалық жұмыстарына 45 арнайы техника мен 180-ге жуық тазалық қызметкерлері қамтылды.Шымкент қаласында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Кезекті тазалық жұмыстары Еңбекші  ауданында жүзеге асырылды. Аудан аумағына қарасты басты көшелердің аялдамаларына механикалық жуу мен қолмен тазарту жұмысы атқарылды. Аялдамалардың шыны қорғандары сүртілді.

Бұл жұмыстарға 12 арнайы көлік, жаяу жүргіншілер жолын жууға 2 трактор, аялдаманы жууға  3 арнайы көлік жұмылдырылған.

Жалпы, санитарлық тазалық жұмыстары кезінде аяқжолдар да сыпырылып, қоқыс жәшіктері тазаланды. Жалпы, ауданда аталған жұмыс түрі күнделікті атқарылып, қала тазалығы басты назарға алынған.

 

Оқылды 1956 рет