Super User

Super User

Түркістан облысы әкімімен бірге облыстың бас полицейі 3 ауданда бірыңғай қабылдау күнін өткізді

Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды барлық құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен бірыңғай қабылдау өткізді. Оған Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Талапұлы Қабденов те қатысты.

Жұртшылықпен жүздесу облыстың 3 ауданында: Шардара, Жетісай және Мақтааралда ұйымдастырылды. Оған 200-ге жуық тұрғын қатысып, көкейдегі ойларын, ұсыныстарын жеткізді.

Кезесуде облыс әкімі және облыстағы барлық департаменттердің басшылары болды. Тұрғындардың арыз-шағымы мен өтініштері тыңдалып, ашық пікір алмасу өтті.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес өткен кездесуде тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер қозғалды.

Кейбір тұрғындар тарапынан қысқарған істер мен тергеу жүргізілудегі заңдылықтар бойынша мәселелер айтылды.

Полиция департаменті бастығы М.Қабденов тарапынан кездесудегі азаматтардың әрбір сұрағына нақты жауаптар беріліп, құқықтық сауатталықты арттыру бойынша түсіндірмелер жүргізілді. Соңында департамент басшысы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмыс барысын тексеріп, тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша тапсырмалар берді.

Полицейлер «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 30-дан астам қылмысты ашты

Түркістан облысының аумағында 9-11 қараша аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсат - құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесуге, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Полицейлер екі тәулік ішінде 30-дан астам қылмысты ашты, оның ішінде ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу", яғни Түркістан қаласында тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаудың 1 дерегін тіркеді. Сондай-ақ бұрын жасалған санаттағы 4 қылмысты ашты.

Көрсетілген кезеңде тәртіп сақшылары 2227 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

ҚР Қылмыстық Кодексi 296-бап. Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу:

Ескерту. 296-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 
1. Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес тұтыну – 
сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 
2. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау – 
бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 
3. Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау – 
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 
4. Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау – 
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескертулер. 
1. Есірткі және психотроптық заттардың мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде айқындалады. Есірткі мен психотроптық зат тектестердің шағын, ірі және аса ірі мөлшерлері өздері тектестері болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың шағын, ірі және аса ірі мөлшеріне сәйкес келеді. 
2. Жеке тұтыну үшін сатып алған есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өз еркiмен тапсырған не есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсаттарда тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетiлуi үшiн медициналық мекемеге өз еркiмен барған не есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен табылған мүлiктi табуға белсендi түрде ықпал еткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 

Ал, ҚР ӘҚБтК 608-бабы, мас халде автокөлік басқару бойынша 19 жайт анықталып, тіркелді. Алдағы уақытта құқық бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 608-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру:

1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – 
он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 
2. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер – 
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 
3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 
3-2. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 
жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 
4. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
5. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер – 
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттер – 
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.  
8. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – 
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Бұдан басқа қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары "Құқықтық тәртіп" шарасы барысында аулаларда, саябақтарда және адамдар көп жиналатын орындарда рейдтік жұмыстарды жүзеге асырды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 596-бап. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу:

1. Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру – 
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
2. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк
колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу – 
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
3. Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу – 
алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет – 
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 
Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша 204 құқық бұзушылық анықталды.  Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 434-бапта Ұсақ бұзақылық:

1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер – 
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. 
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қай
талап жасалған әрекеттер – 
он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. 
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екіншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – 
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ал ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 117 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындарға әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіріп, профилактикалық әңгімелесулер жүргізуде.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу: Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу – 
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 
Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі – 
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 
 Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер –  
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. 

Қазығұрт: 20 миллион теңге несие алып беремін деп алдап кеткен…

Қазығұрт ауданы полиция бөліміне алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданған. Ол азаматтың айтуынша, өзінің танысы 20 миллион теңге несие алып беремін деп, алаяқтық жолмен 150 000 теңге ақшасын алған. Келісілген уақытта хабар келмеген соң, өзі сұрамақ болып қоңырау шалған.

Алайда, ол азаматтан ешқандай жауап болмаған соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінеді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Орын алған алаяқтық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар жергілікті тұрғын ер адам анықталды.

Күдікті ер азамат жәбірленушінің сырттай танысы 1 ай ішінде 20 миллион теңге несие алып беретінін айтып сендірген.

Осылайша күдікті пайдакүнемдік ниетпен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жібергені белгілі болды. Сонымен қатар сезіктінің бұдан басқа 5 алаяқтық жайтына қатысы бары расталды. Қазіргі таңда ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жүруде.

Түркістан облысы полицейлері облыс тұрғындарына кез келген жанға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Азаматтарға әртүрлі алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуды ұсынады.

Айта кетйік, бүгінгі күні кең таралған қылмыстардың бірі – ол алаяқтық. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай ҚК) 190-бабының 1-бөлігінде алаяқтықтың түсінігі берілген. Алаяқтық - бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Қарапайым сөзбен айтқанда алаяқтық -алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау болып табылады.   Аталған бап 4 бөліктен тұрады, соған байланысты алаяқтық үшін жаза түрлері де күшейтілген. Егерде кінәлі адам жай алақтық жасаған болса, яғни  ҚК-тің 190-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасаса ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алаяқтықтың адамдар тобында алдын ала сөз байласуымен, адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен, мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық үшін аталған баптың 2-бөлігіне сай 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.  Алаяқтықтың ауыр түрлері осы баптың 3-4-бөліктерінде көрсетілген. Егер алаяқтың  ірі мөлшерде, яғни 1 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аса жасалса, алаяқтықты мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса немесе  алаяқтық бірнеше рет жасалған жағдайда  аталған баптың 3-бөлігінде 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.  Қылмыстық топ жасаған немесе  аса iрi мөлшерде, яғни айлық есептік көрсеткіштің 4000 есе мөлшернінен  асатын алаяқтық  жасалса, ол үшін сол баптың 4-бөлігінде 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Барлық жағдайда да қосымша жаза ретінде кінәлінің мүлкін тәркілеу жазасы қолданылады.

 

 

Түркістан: «Фето» ұйымының зияны

Фето секілді ұйымның пайда болуының алғы шарттары Осман мемлекетінің құлауымен, 1923 жылы Анкарада, Мұстафа Кемал Ататүріктің дінге қатысты зайырлылық қағидаларына негізделген республика құру кезеңінен бастау алады. 1924 жылы Осман мемлекетінің дінге қатысты біршама заңнамалары өзгертіліп, бірнеше діни бірлестіктеріне тыйым салынды. Атап айтсақ, конституциядағы «Ислам діні – мемлекеттік дін» деген бап алынып тасталды, діни қызметкерлердің саясатқа араласуына тыйым салынды. Осы заңдылықтар енгеннен кейін, қазіргі жамағаттардың құрушылары елде дінді оқытуды жасырын түрде үйрете бастады.

Қазақстанда 1992 жылы алғашқы Қазақ-Түрік лицейі ашылды. Былай қарағанда тәуір-ақ дүние болып көрінгенімен, Кентау қаласынан бастап бой түзеген осынау түрік лицейлері алғашқы түлектерін тәрбиелеп шыққаннан бергі 20 жыл ішінде 28-ге жеткен. Аталмыш мәліметті Түріктердің танымал діни көсемі Фетхуллаһ Гүленнің http://fgulen.com/ сайты жазады. Әлемнің 170 елінде лицейлер ашқан Гүленнің қызметіне бағынышты осы түрік оқу орындарына түсудің өзіндік шарттары бар. Оған тек қатарынан оза шапқан зейіні мықты балалар ғана түседі. Ал, осы оқу орындарына түсуге бағы жанғандар басқа қазақ мектептерінен артық білім алуымен қатар, дін саласын жетік меңгеріп, «Қызмет қозғалысының ақ-адал мүриді» болып жетіледі.

       Фето ұйымы оқу орындарына ақылды, зерек, алғыр балаларды ортасына толықтырып отырады. Әртүрлі олимпиада, жігіт сұлтаны, қыз сыны сияқты сайыстар өткізу арқылы жастарды сұрыптап отырды. Жамағаттың негізгі мақсатты аудиоториясы 16 мен 30 жас аралығындағы жастарды қамтиды. Олармен алдымен достық қарым қатынасты орнатады, кейін оларды өздерінің әлеуметтік ортасына енгізеді. Тұлғалық қасиетке ие болатындай жағдай жасайды және діни сезімталдықты пайдаланып, өздерінің қатарларына қосады. Жатақхана, оқу орындар, мектептер осы жамағаттың негізгі аумағы болып табылады. Осы ұйымның қоғамға  зиянды жақтары туралы қарастырып көрсек:

Зиянды жақтары:

-  Жамағаттың сырттан басқарылуы;

-  Жамағаттың ізбасарлары өздерінің пірлерін Мұхаммед (с.а.с) пайғамбардың  бүгінгі күндегі өкілі ретінде көруі;

-  Жамағаттардың бір-біріне жақсы қарым қатынаста болмауы. Бөлінушілікке алып келуі;

-  Ұстаздарының сөзі Алланың сөзі сияқты саналады. Дінді пірлерінің түсінігімен қабылдауы;

-  Дінді қару етіп, күн көрісі төмен жастарға қамқор болып көрініп, өздеріне «әскер» қылып шығаруы.

Түркия елінен келген діни жамағаттар, әрбір әлеуметтік топтың бір мақсат айналасында топтасып, ұйымдасып, өзіне сай сипат қалыптастыруының артында үлкен әлеуметтік, экономикалық, саяси және тағы да басқа факторлар жатады. Әсіресе бұл діни топ болса тіпті нәзік тақырып болмақ. Жамағаттар  экстремистік топқа немесе қандай да бір секта категориясына жатпайды. Ол жамағаттарды жақсы немесе жаман деп ажыратудың да керегі жоқ. Барлығы да сырттан келген діни жамағат категориясында қарастырылу керек. Шетелден келген діни жамағаттардың біздің еліміз үшін ең басты қаупі ол-сырттан басқарылатынында. Бұл ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі. Сонымен қатар олардың ең потенциалды проблемасы бір-бірін мойындай бермейтіндері және алауыздыққа, топқа бөлінушілікке себеп болу ықтималдығы. Мұндай мәселе болса да, болмаса да біз оны қаперде ұстауымыз қажет. Олай  дейтініміз олардың Түркияда ауызбіршіліктері айтарлықтай керемет деңгейде емес. Бөлінушілік жамағаттардың басындағыларда болмаса да төмендегілерде (ұстаздар, шәкірттер т.б.) көп байқалады. Осы сияқты кішкене бөлшектерде көптеген анықтауды, зерттеуді қажет ететін мәселелер жатады. Сондықтан жамағаттар мәселесі кең көлемді қарастыруды талап ететін маңыздылыққа ие.

 

 А.Құрманбек 

            Дінтанушы маман                            

Осы RSS каналға жазылу