Жұма, 09 Қараша 2018 16:30

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін түсіндіру үшін Түлкібасқа ақпараттық топ келді

Мемлекет басшысының 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын орындау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Түлкібас ауданына «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Беден Ахмет Сейсенбайұлы арнайы келіп, аудан тұрғындарымен кездесті.

Басқосуға денсаулық саласының қызметкерлері, аудан әкімі аппараты, дербес бөлім басшылары, ауыл округі поселке әкімі аппаратының қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев ашып, жүргізіп отырды. Арнайы келген Беден Ахметов баяндама жасап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жан-жақты түсіндіріп берді. Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттік жұмыс берушілер азаматтардың денсаулығы үшін жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін бірінші кезекте, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің әрі жеке медициналық дамуы және медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуы есебінен жоғарылатуға мүмкіндік береді. 

Заң жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызмет пакетінің 2 түрі ұсынылатын болады. Біріншісі - базалық пакет, мұнда республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі көрсетіледі. Бұл пакет Қазақстан азаматтарының барлығына қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметтері: жедел көмек және санитариялық авация, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлар кезінде көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық екпелер. Екінші - бұл қайта құрылған медициналық сақтандыру қорының көрсетілетін сақтандыру пакеті. Оған кіретін қызметтер: амбулаториялық емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда) стационарлық орнын басатын көмек, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллативті көмек және мейіргерлік күтім, жоғары технологиялық көмектер. Мемлекеттің экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жұмыс берушілер-жалданған жұмысшылар үшін жарна төлейтін болады. Жұмысшылар мен салық органдарында тіркелген әрі өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздері үшін жарна төлейді. Баяндамашы жиналған жұрттың көптеген сұрақтарына жауап берді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1686 рет