Сәрсенбі, 21 Қараша 2018 11:18

Түркістан облысында өлім-жітім көрсеткіші 2,6 пайызға төмендеген

Түркістан облысында 2018 жылдың 10 айында жалпы өлім-жітім көрсеткіші  3,8-ді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға төмендеген. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді. Сондай-ақ,  ана өлім-жітім көрсеткіші өткен жылдың 10 айлық көрсеткішімен салыстырғанда 4,2 пайызға төмендеп, республика бойынша облыс 9 орынға тұрақтаған.

«Өңірдегі нәрестенің өлім-жітім көрсеткіші 8,6-ны құрап,  өткен жылмен   салыстырғанда 16,2 пайызға төмендеді. 10 айлық нәтижесінің қорытындысы бойынша облыс нәресте өлімі көрсеткіші республикада 6-орында. Бұдан өзге, кадрлық ресурстар бойынша облыстағы дәрігерлер саны - 4957. Бұл 10 мың халыққа шаққанда 25,4 көрсеткішті құрайды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 10 айында облыстық деңгейде 4350 маман, республикалық деңгейде 1716 маман біліктілігін арттырды. Сонымен қатар, 63 маман Мәскеу, Қазан, Минск, Санкт-Петербург, Новосибирск қалаларының клиникаларында білімін жоғарылатып, тәжірибе алмасты», - деді Мұқан Кеңесбекұлы. Басқарма басшысының айтуынша, Түркістан облысында 38 медициналық ұйым медициналық ақпараттық жүйеге 100 пайыз қосылған.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1693 рет