Жұма, 27 Қараша 2020 20:38

Түркістан: Түлкібас ауданында жаңа емхана бой көтереді

Түлкібас ауданы, Састөбе кентінде орналасқан емхана 7 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді.

Жарты ғасыр бұрын қабырғасы қаланған ғимараттың әбден тозығы жеткен. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түлкібас ауданына жасаған жұмыс сапарында апатты деп танылған дәрігерлік амбулаторияда болды.

Ғимарат құрылысы келер жылы басталатын болды. Жаңадан бой көтеретін дәрігерлік амбулатория заманауи үлгіде жасақталып, бір ауысымда 75 келушіге арналады.

Медицина ұйымдарының жай-күйімен танысқан облыс әкімі Түлкібас аудандық орталық ауруханасында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Ауруханаға қарасты 5 ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Жөндеу жалғасуда. Өмірзақ Естайұлы күрделі жөндеуден өткен ауруханадағы құрылыс сапасына оң бағасын беріп, жұмысты қатаң бақылауда ұстауды міндеттеді.

Орталық ауруханада 100 мыңға жуық халыққа амбулаториялық – емханалық, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек және консультативті – диагностикалық  қызмет түрлері көрсетіледі. Онда мыңнан астам медицина қызметкері қызмет етеді.    

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 434 рет