Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 20:51

Түркістандық дәрігерлер Түркияда тәжірибеден өтеді

Түркістандық медицина мамандары Түркия елінде тәжірибе алмасуға аттанып кетті. Бұл туралы Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Ыстанбұл қаласына біліктілігін арттыруға кеткен дәрігерлер арасында жедел жәрдем станциясының 10 дәрігері мен фельдшері бар.

Бұл шараны облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы ұйымдастыруда. Басты мақсат – медицина мамандарына соңғы технологияларды меңгеріп, жедел түрде науқастарды емдеуге даярлау болып отыр.

Айта кетейік, біліктілігін шыңдау үшін кеткен арнайы топ Түркістан, Кентау, Ордабасы станцияларының медициналық қызметкерлерінен жасақталған. Олар осы елдегі көптеген медицина мекемелерінде болып, әріптестерімен тәдірибе алмаспақ. Жинақталған тәжірибе өңірдегі жедел медициналық жәрдемнің сапасын арттыруға мүмкіншілік бермек. Басқарма тарапынан жыл соңына дейін тағы бірнеше топты шет мемлекеттерде оқыту жоспарланып отыр.

Атап өту керек, жалпы, өткен жылы өңірдің ауруханалары мен емханаларында еңбек ететін 3 мыңға жуық медициналық қызметкер біліктілігін арттырған.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 300 рет