Түркістан облысының прокуратурасы мектеп қызметкерлеріне қосымша ақы төлетті

Түркістан облысында мектеп қызметкерлеріне еңбекақыға қосымша төлемдер берілмей келген.  Мұндай заңбұзушылықтар кезекті прокурорлық тексерулер барысында анықталған көрінеді.Түркістан облыстық прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, Сарыағаш ауданындағы мектептерде от жағатын 92 жұмысшыға 6 млн теңге көлемінде қосымша ақы төленбеген болып шыққан.

Түркістандық кәсіпорындар жаппай жалақыны өсіріп жатыр

Түркістан қаласындағы 20-дан аса кәсіпорын жұмысшыларының ең төменгі жалақысын 20 пайызға көтеретін болды. Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімімен кәсіпорындар арасында осындай меморандум бекітілді. Бұл өндіріс орындарының арасында наубайхана, жиһаз және құрылыс материалдарын өңдейтін цех, коммуналдық салаға қажетті құбыр насосын шығаратын кәсіпорын мен мақтаны терең өңдейтін зауыт бар.

Түркістан облысы: Жетісай драма театры республикалық фестивальден оралды

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының шығармашылық ұжымы 10-14 қараша аралығында Өскемен қаласында өткізілген Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, актер, ақын Рүстем Есдаулетов атындағы кіші формадағы сахналағанған спектакльдердің ІІ республикалық театр фестиваліне қатысып қайтты.

Жетісай ауданында бес ауылға газ берілді

Жетісай ауданында бір күнде бес ауылға табиғи газ берілді. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Атап айтқанда, көгілдір отынға қол жеткізген ауданның Ш.Ділдәбеков ауыл округіне қарасты Достық, Байдала, Зерделі ауылдары мен Атамекен ауылдық округіне қарасты Тыңдала және Қоғалы елдімекендері. Аймақ басшысы Достық ауылындағы газ торабын іске қосу рәсіміне қатысып, ендігі кезекте 5 мыңға жуық халқы бар бес ауыл тұрғындарының көмір тасып, күл шығармайтынын жеткізді.

Түлкібаста қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша семинар өтті

«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында «Латын негізді әліпби мен емле ережесі туралы насихат» жобасы бойынша көпшілікпен талқылау мақсатында «Тіл- Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының кеңесшісі - Оразкүл Асанғазы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы - Бекжан Әбдуалиұлы және Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры - Жазира Ағабекова жұмыс сапарымен Түлкібас ауданына келіп, аудан тұрғындарына семинар өткізді.

Түлкібаста бокстан облыстық турнир басталды

Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері», бокстан КСРО ІІБ бірнеше дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері Кенебаев Шамдаулет Абжаппарұлының 80 жасқан толған мерейтойына орай Түлкібас ауданының орталығында 2004-2005 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан І-облыстық турнир бастау алды. Үш күнге жоспарланған турнирге Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Түркістан мен Шымкент қалалары, Ордабасы, Сайрам, Мақтарал және Түлкібас аудандарынан барлығы 150 жас былғары қолғап шеберлері қатысып өзара мықтыларды анықтайды. 

Түлкібаста «Бюджеттік процестер мен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқару» атты семинар өтті

15 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің қолдауымен Тұрар Рысқұлов кентінде «Бюджеттік процестер мен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқару» семинарын ұйымдастырды. Семинарды Түлкібас ауданының әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы ашып берді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның» 98 қадамы жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетінің енгізілуі бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндаған Нұрбол Әбдісаттарұлы оқуға келген қатысушыларға семинардың нәтижелі өтуіне тілегін білдірді.

Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХІ сессиясы өтті

Қарашаның 15 күні Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІ сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Ерлан Айтаханов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Депутат Асан Аралбайдың төрағалық етуімен өткен сессияның күн тәртібіне Отырар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №22/106-VІ ««2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қойылды. 

Отырарлықтар «Алтын күз» мерекесін атап өтті

Жұма, яғни, 16 қараша күні Отырар ауданында «Алтын күз» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов барша ауыл шаруашылық саласының мамандарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.