Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 45 кәсіпорын іске қосылады

Түркістан облысы 2025 жылға қарай 58 156 тонна етті қайта өңдеп экспорттайтын болады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 29 323 тоннаны құраған. Сондай-ақ, бүгінге дейін өңірімізде 43 375,2 сүт қайта өңделіп келсе, келешекте 92 875 тоннаға артады. Ал, 7 195 тонна көкөністен дайын өнім алынса, алдағы уақытта 49 195 тонна тауар қайта өңделмек. Бұл туралы облыстық ауыл шарушылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында мәлімдеді.

«Түркістан жауһарлары» атты көрме ашылды

Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығына арналған «Қазақстан мен Ресейде туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденциялары» тақырыбында XV форум өтуде. Халықаралық шара аясында Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің «Түркістан жауһарлары» атты көрмесі ашылды.

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданының 90 жылдығына орай гала-концерт өтті

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңында ауданның 90 жылдығына орай гала-концерт өтті. 5000-ға жуық көрермен қатысқан айтулы шараға Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әнші Роза Рымбаева, Досымжан Таңатаров, Таңат Мамырханұлы, Нұрлан мен Мұрат, «Диета kz» тобы, Бауыржан Исаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Ғазизхан Шекербеков сынды көптеген өнер жұлдыздары қатысып, ән шырқаса, республикаға танымал айтыскер ақын Біржан Байтуов ауданға арнауын жеткізді.

«Шаянға барсаң әншімін деме» атты облыстық байқаудың жеңімпаздары белгілі болды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Бәйдібек ауданының 90 жылдығы аясында «Шаянға барсаң әншімін деме» облыстық ән байқауы өтті. Өнер додасының мақсаты - ән өнерін дамыту, жас талант иелерін іздеу, жастар арасында сазгерлік өнердің кәсіби деңгейге көтерілуіне жол ашу. Жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және патриоттық тақырыпта халық арасына, өнер сүйер қауымға кеңінен насихаттау. Шараны Бәйдібек ауданының әкімі Танагөзов Бақытбек Төленұлы құттықтау сөзбен ашып берді.

Түркістан облысы: Мырзакенттің спорт мектебі өрлеп келеді

Мақтаарал ауданының ортылығы Мырзакент кентіндегі №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2003-2004 жылғы оқушылары Қазығұрт ауданы әкімдігінің жүлдесіне арналған бокстан өткен облыстық турнирге қатысып, жоғары белестерден көрініп қайтты. 

Түркістан облысы: Жиенқұм ауылына ауызсу берілді

Ағымдағы жылдың мамыр айында Жиенқұм елді мекеніндегі құбырдың ұзындығы - 13,210 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры желілерін құрылысы басталған болатын. Бәйдібек ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Жиенқұм елді мекенінде «Ar Kua Group» ЖШС-гі жүргізген ауыз су құбыры желілері пайдалануға берілді.

Түркістандық кәсіпорындар төменгі жалақыны көбейтуді жоспарлады

Елбасының биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айтылған ең басым бағыт – халық табысының өсуі, жалақыны көтеру бойынша түркістандық кәсіпорындар мен мекемелерде тиісті жұмыстар басталды. Түркістан қалалық әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі жергілікті кәсіпорындармен тікелей байланысқа шығып, мәселені шешу тетіктерін қарастырып жатыр. 

Бәйдібек ауданының әкімі мен оңтүстіккореялық инвестициялық компанияның президенті меморандумға қол қойды

7 қараша күні Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мейіржан Беріков Астана қаласында өткен «Жаңартылатын энергия көздерін дамыту» Қазақстан-Корей ынтымақтастығы атты форумға қатысты. Форум аясында Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов пен KK-Kiunsen атты Корей инвестициялық компаниясының президенті Джон Енг Сун арасында меморандумға қол койылды.