Сенбі, 17 Қараша 2018 12:52

Отырарлықтар «Алтын күз» мерекесін атап өтті

Жұма, яғни, 16 қараша күні Отырар ауданында «Алтын күз» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов барша ауыл шаруашылық саласының мамандарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Еліміз егемендігін алғаннан кейін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында мемлекетіміздің ауыл шарушылығы саласы өсіп, өркендеп, дамып келеді. Ол үшін көптеген мемлекеттік бағдарламалар жасалып, осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі мереке аяында өтіп жатқан ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ауыл шаруашылығы өнімдерін сату мен тарату, ауданымыздың табиғи байлықтарын насихаттау т.б. қызметтер атқаратын жүйелі орынға айналып отыр. Бұған ауыл еңбеккерлерінің сіңірген еңбегі орасан. Сондықтан да барша аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерді «Алтын-күз 2018» құттықтай отырып, аудан қорын ауыл шаруашылық өнімдеріне толтыра беріңіздер дегім келеді» -деді Отырар ауданының әкімі Е.Айтаханов.

Биыл ауданның ауыл шаруашылығы саласы үшін жемісті жыл болды деуге болады. Жыл басында 28 980 га жерді игеру жоспарланған болса, жоспар 2572 га артығымен орындалып, 30 652 га яғни, 106 %-ды құрады. Оның ішінде 10 000 га алқапқа Отырардың брендіне айналған жүгері дақылдары егілді. Осы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 12 млрд 74 мың теңгенің өнімдері өндіріліп, көрсеткіш 106,1%, құраған. Сонымен қатар, Отырар ауданы «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 100,6%, «Құлан» бағдарламасы бойынша 103,5 %, «Сыбаға» бағдарламаларының орындалуы бойынша 101,5 %-ды құрап, облыста алдыңғы қатардан көрінді. Өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда осы жылы мүйізді ірі қара басы – 105,3%, жылқы – 111,4%, қой-ешкі – 100,8%, түйе – 108,6% артып отыр Жылыжай салу, терең қопсыту технологиясын енгізу, жанұялық сүт фермаларын салу жұмыстары жоспардан артығымен орындалыпты

Сондай-ақ шаруаларды ұйымдастыра отырып Иран мемлекеті, Араб Әмірліктеріне 272 тонна қой еті экспортталып, көрсеткіш 105%-ға орындалып отыр. Шаруа шаттанып, дихан рухани күш-қуат алған мерекеде сан саланың үздіктері марапатталып, ширек ғасырда жеткен жетістіктер мақтанышпен айтылды. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан көркемөнерпаздары шаруа шаттығын еселеп, әсем ән, тәтті күймен көптің көңілін көтерді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1110 рет