Сейсенбі, 17 Қараша 2020 01:04

Түркістанда лимон өсіру ісін жандандыруға арналған оқыту курстары ашылады

Түркістандық кәсіпкер Нұрсұлтан Жүсіпбаев бірнеше жылдан бері лимон өсірумен айналысады.

 

1 гектар аумақта ораласқан лимон бағында 2200 түп лимон көшеті отырғызылған. Кәсіпкер былтырғы жылы жылыжайда 4 тонна өнім өндірген. Жоспар бойынша биылғы меже 12 тоннаға жетуі ықтимал. Лимон бағында 30 шақты бағбан жұмыс жасайды.

«Лимон ағашының күтіміне айрықша көңіл бөлініп өсірілген жағдайда бір түбі 150-200 келіге дейін өнім береді. 1 келі лимонның көтерме бағасы 1000 теңгеге дейін бағаланады. Бұл 3-4 жылдың шығынын өтеуге және табысқа кенелуге жеткілікті. Сұранысқа ие өнім негізінен ішкі нарықта саудалануда», - дейді «Иассы» консорциумының басшысы Нұрсұлтан Үмбетұлы.

Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбековтың сөзінше, аталған бизнестің қаражат қайтарымдылығы мен тиімділігі жоғары. Бүгінде көп уақыт пен шыдамдылықты қажет ететін кәсіп түріне қызуғушылық артқанымен күтіп-баптау ісінде білікті мамандар тапшы.

Өңірде лимон өсіру кәсібімен айналысатын кәсіпкерлер мен қажетті жұмысшыларды тәжірибеден өткізу бағытында тиісті шаралар қолға алынбақ. Яғни, білікті мамандар даярлау үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы мен «Иассы» консорциумы арнайы оқыту курстарын ұйымдастыратын болады.

  «AQ-QARA.KZ»-ақпарат    

 

Оқылды 90 рет